Жасөспірімдер арасында жарыс өтті

3688Алмалы ауданына қарасты №58 мектепте жасөспірімдер арасында арқан тарту, асық шеңбер, тымақ ұру, тоғызқұмалақ, асық ату, қолкүрес секілді ұлттық спорт ойындарынан жарыс ұйымдастырылды.

 Құралай ИМАНБЕКҚЫЗЫ

Бұл шара Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауы және Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу аясында өткізіліп отыр. Мақсат – жастарды салауатты өмір салтын ұстауға шақыру, олардың бойындағы отансүйгіштік, төзімділік пен табандылық қасиеттерін арттыру.

Іс-шараға Алмалы ауданы әкімі аппара­тының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Л.Мамедова, «Нұр Отан» партиясы филиалының Алмалы аудандық бөлімшесінің өкілі Н.Жарасқан, Алматы қаласы ІІД есірткіге қарсы күрес басқармасының өкілі, майор А.Тепсаев, «Ақ ниет» АББ бөлімінің ұлттық медициналық ассоциациясының президенті А.Садықова, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Ү.Нұрпейісовтер қатысып, жеткіншектерге сәттілік пен жеңіс тілеп, сөз сөйледі.

3689Алмалы ауданы әкімінің аппараты, білім беру бөлімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ, Алматы қаласы ІІД Есірткіге қарсы күрес басқармасы, «Іrіsh Pub Dublіn» ЖШС, «Ақ ниет» АББ ҰМА, «Қорғау HR» ҚФ, Алматы қалалық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен өткен бұл іс-шараға 120 оқушы қатысты.

Жарыс соңында жеңімпаздар сыйлық­тармен, Алмалы ауданы әкімінің Алғыс хаттары және кубогымен марапатталды. Ал жарыстың қорытындысына жалпыкомандалық есеп бойынша 1-орынды №58 мектептің командасы, 2-орынды С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей, 3-орынды №67 мектеп командалары иеленді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *