ЖАС ҰРПАҚТЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР АЯСЫНДА ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДІҢ ТҮЙІНДІ ФАКТОРЫ

Толқын ӘУЕЛҒАЗИНА, саяси ғылымының докторы, доцент, ҚР  ҰҒА академигі

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мәні аса зор еңбегінің жас ұрпаққа берер үлгі-өнегесі өлшеусіз. Қоғамдық сананы жаңғырту жолында рухани сілкініс туғызған еңбектің тарихи тағылымы ұшан-теңіз.

Уақыт өтіп, заман өзгерген сайын «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген халық нақылының құндылығы артып келе жатыр. Өйткені, алдағы дәуір – нағыз білімділердің дәуірі болмақ. Осы орайда Президенттің «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деген тұжырымы айрықша мәнге ие. Әрине, қоғамдық құрылымдағы барлық саланың қарыштап дамып, өркендеп өсуі білім мен ғылымның даму қарқынына тәуелді.

Ұлттық санамызға серпіліс берген бағдарлама Қазақстан халқы үшін, болашаққа нық қадаммен қарайтын өскелең ұрпақ үшін аса қажет дүние. Болашаққа бағдар ретінде «Өрлеу» «БАҰО» АҚ фи­лиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің білікті­лігін арттыру институты» Елбасы идеяларын насихаттай отырып, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласында көр­сетілген көптеген бағыттарды жүйелі түрде жүзеге асыруда. Инс­титутта «Айналаңды нұрландыр», «Ұстаздар оқуға тиіс 100 кітап», «Салауатты өмір» жобалары орындалуда. Бұл жобалар – ұстаздар қауымының жас ұрпақты азаматтық және рухани-адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеуге қосқан үлесі болып табылады.

Аталған жобалар аясында филиал қызметкерлерінің ұйым­дастыруымен бірнеше ғылыми-әдістемелік, тәрбиелік маңызы бар іс-шаралар өткізілді. Осы ретте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарла­малық мақаласында «Рухани жаңғырудың негізі – осындай ғасыр­дан-ғасырға жалғасып келе жатқан ұлттық мәдениетіміздің мәйегін келешек ұрпаққа аманат етіп жеткізуде жатыр», – деп атап көр­сеткендей, алға қойылған міндеттерді орындау мақсатында біздің институт 2018–2021 жылдар аралығында облыстың білім беру мекемелерінде «Рухани жаңғыру – мектеп оқушыларының ғылыми ізденістерін  ұлттық құндылықтар аясында әлеуметтен­дірудің негізі» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша экспери­мент жүргізуде. Аталған эксперимент аясында «ӨНЕГЕ» атты этнопедагогикалық орталық ашылып, төмендегі 6 білім беру бағыты бойынша жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, олар: мек­тепалды даярлық бағыты; бастауыш білім беру бағыты; тәрбие саласы бағыты; қоғамдық-гуманитарлық бағыт; ғылыми-жара­тылыстану бағыты; көркем-эстетикалық бағыт.

Қысқасы, бәсекеге қабілетті, әлемдік деңгейде танылған әрі дамыған рухани кемел ел болу – Елбасының көздеген басты мұраты. Ендеше, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына серпін беріп, тың бастама ұсынуы келешекке қамданудың әрекеті деп білеміз және рухани жаңғыру үдерісін дер кезінде қабылданған оң шешім деп танимыз.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *