ЖАС ҰРПАҚ ҮШІН КЕРЕМЕТ МҮМКІН¬ДІК

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтановтың қатысуымен Президент – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы талқыланды.

Рая ЕСКЕНДІР

Кездесуді бірінші проректор Мақтағали Бектемесов ашып, Жолдауының негізгі ережелеріне тоқталды. Жолдауда жастармен тікелей байланысты педагогикалық салада басым міндет ретінде шешілетін көптеген мәселелер бар екенін ерекше атап өтті.

– Мемлекет басшысының ағымдағы Жолдауы жас ұрпақ үшін керемет мүмкін­діктер тудырады. Бұл, сондай-ақ, лайықты білім алу және тұрғын үй мәселесін шешу үшін бағытталған. Президент бұл туралы әрдайым жастардың мәселелеріне назар аударып, жастарды өзін-өзі дамытуға, алға басуға талпындыруда.

Қазақстандағы жастарға көрсетілген мүмкіндіктер мемлекет тарапынан қолдау­ға ие. Жастар үшін көптеген бағдарламалар іске асырылып, жыл сайын мыңдаған жас мамандар, жоғары оқу орындарының бітірушілері өмірді табысты бастау үшін жаңа мүмкіндіктерге ие болуда. Біздің университетте Жолдау аясында ректор Такир Балықбаевтың бастамасы бойынша университеттің жас түлектеріне қолдау көрсету, жұмысқа орналасу және мансап­тық өсу үшін Жобалық кеңсе құрылды, – деді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов еліміздің тұңғыш университеті – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдық мерейтойымен құттықтап, педаго­гикалық ғылым саласындағы елеулі жетіс­тіктерін және республика үшін даярлана­тын кәсіби педагогтардың қызметіндегі ерекшеліктерін атап өтті. Мемлекет басшысының «Педагог мәртебесі туралы» заңының рөлін, «Білім беру мекемелерінде оқыту сапасына қойылатын талаптарды күшейту», «Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру» жаһандық міндеттеріне қатысты бастамаларына назар аудармау мүмкін еместігін айтты. Ел Президентінің келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет екендігі туралы айтылған бастамасы мұғалімдер үшін үлкен серпіліс екендігін баса айтты.

Кездесуде құқықтану кафедрасының меңгерушісі Ермек Бөрібаев, Жобалық кеңсе басшысы Мақсат Жақау, Сорбонна-Қазақстан институтының 1-курс студенті Александр Пермяков сөз сөйледі.

Талқылауға қатысушылардың тарапы­нан депутатқа сұрақтар қойылды. Соны­мен қатар, Елбасы Жолдауының міндет­терін сапалы іске асырудың түрлі аспекті­лері, өмір сүру сапасын арттыру, универ­ситет мұғалімдерінің жалақысын көтеру, жастарды жұмысқа орналастыру, кең ауқымды «7-20-25» бағдарлама туралы, т.б. мәселелер талқыланды.

Іс-шара соңында Қуаныш Сұлтановқа университеттің 90 жылдығына арналған медалі табыс етілді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *