Жас психолог-мамандарға қолдау

Нұржамал ӘЛІШЕВА

Жақында «Ұстаздар үйінде» «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ-дың аға оқытушысы Сара Мусинаның ұйымдастыруымен «Жас психолог мамандардың коммуникативтік тапшылығының моделі» тақырыбында «дөңгелек үстел» болып өтті.


Онда алғысөз сөйлеген институт директоры Раиса Садвакасова жаңа қазақстандық патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу ісінде жас психологтарға кәсіби қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған іс-шараның маңыздылығына тоқталды.
Қазақстанда жастар арасындағы үдерістерді басқарудың жаңа институттық үлгісі құрылған. Оған Қоғамдық даму министрлігі құрылымында 2018 жылы Жастар және отбасы жөніндегі комитет, ал өңірлік деңгейде Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма жатады. Сонымен қатар, 2013 жылы құрылған «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы Мемлекеттік жастар саясатын дамыту ісіндегі маңызды қадам болып саналады. Оның атқаратын қызметі – жастардың бәсекеге қабілетін көтеру және оларды Қазақстанды жаңғырту үдерісіне тарту мақсатында Мемлекеттік жастар саясаты институтын ғылыми-талдамалық және ақпараттық кеңес беру қызметімен қамтамасыз ету.
«Дөңгелек үстел» жұмысына Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, пс.ғ.к., профессор Б.Дастанқызы, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, пс.ғ.к., PhD докторы Б.Есімбекова, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, пс.ғ.к., профессоры М.Құсаинова, Қазақ Мемлекеттік педагогикалық университетінің ғылыми қызметкері Т.Сағтағанова, №146 мектеп-гимнзаияның педагог-психологі А.Мұхаметқалиева, №195 ЖББМ педагог-психологі Н.Бекмолдаева, К.Ахметов атындағы республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің педагог-психологі Ә.Есмағамбет, РФМШ-ның педагог-психологі Б.Динсаламова, №65 ЖББМ педагог-психологі А.Жүнісбекова, №38 гимназияның педагог-психологі Ж.Дутова белсенділікпен қатысып, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Жас ұрпақты жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтармен тәрбиелеу тұрғысындағы ой-пікірлермен қатар, білім беру, психокоррекция бойынша көбірек жұмыс істеу, жас ерекшелік психологиясының жұмысы және бала үшін әңгімелесу тақырыбын таңдай білу сияқты маңызды тақырыптар да кеңінен сөз болды.
Іс-шараға белсене қатысқан мамандарға сертификат берілді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *