ЖАРНАМАЛАР ТАЛАПҚА САЙ БОЛУЫ КЕРЕК

963Мөлдір НҰРТАЙ

Алматыда заңсыз жарнамалар мен талапқа сай келмейтін билбордтарды алып тастау қолға алынды. Қала бойынша 8 аудан көшелерінде бой көтерген  билбордтар түрлі себептермен алып жатыр. Көздің жауын алатын, барша халықты өзіне тартатын жарнамалар қала көшелеріне заңды келісіммен ілінеді. Алайда, сол заңнамаға сәйкес, әр тақырыптағы билбордтар қайта арнайы тексерістен өткізілген. Соның нәтижесінде «К3 Group Іnvest», «1+1 Almaty», «Алматы-Жарнама» секілді жарнамалық компания­лардың кейбір жұмыстары көше бойынан алынып тасталды.

Бостандық ауданындағы Розыбакиев пен Жандосов көшесінің қиылысындағы мына билборд келісім-шартқа сәйкес уақыты өткен жарнама.  Ал, Алатау ауданындағы Райымбек пен Яссауи көше­сінің қиылысындағы билбордтың заңға сәйкес еместігі анықталған. Сондай-ақ, өзге аудандар көшелеріндегі билбордтардың да талапқа сай рұқсат құжаттары жоқ болып шыққан.

– Біздің компания 1999 жылдан бері өз жұмысын жоғары дәрежеде орындап келеді. Осы уақыт аралығында мазмұны әртүрлі жарнамалар қаланың дамуы үшін қызмет етті. Бүгінгі таңда сыртқы жарнамалардың бірқатары қайта тексерістен өтті. Дәл қазір жарнама билбордтары көшелерден алынып тасталғанымен, болашақта заңға сәйкестендіріліп, қайта қойылатын болады, – деді «Алматы-Жарнама» компаниясының өкілі Өткелбаев Марат.

Саны көп, бірақ, сапасы төмен билбордтар шаһарымызда жетіп-артылады. Мұнымен қоса, олардың өлшемі жағынан да талапқа сай еместігі белгілі болды. Қызу қолға алынған бұл шаралар алдағы уақытта да жалғаса бермек.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *