ЖАРҚЫН ІСТЕРМЕН ЖАСТАРДЫ ҚУАНТАМЫЗ

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өткен жылғы халыққа арнаған Жолдауында 2019 жылды – Жастар жылы деп жариялаған болатын. Сондықтан бұл жыл Қазақстан жастары үшін ерекше жыл болмақ. Елбасымыз  жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды мемлекет саясатының негізгі мәні деп санайды. Өйткені, еліміздің абыройын асқақтататын да, тәуелсіздігімізді тұғырлы, елімізді мәңгілік ететін  де жастар. Қазақстан – бүгінгі таңда қалыптасқан, өркендейтін болашағы бар мемлекет. Ал сол  болашақтың  қандай болатыны бүгінгі оқып, білім алып жатқан студенттерге, жастарға тікелей байланысты.

Біз болашақта қандай ұрпақ көргіміз келеді, әрине бәрінен бұрын, ғаламдық бәсекеге қабілетті, қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді, ұлттық құндылық­тарын бойына сіңірген ақыл-ойы кемел тұлғаны және кәсіби шеберлігі жоғары мамандарды  көргіміз келеді. Сол үшін жастар алдына қойылып отырған мақсат-міндеттер де аз емес. Олар біріншіден ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылық­тарымызды, тарихи дәстүрлерімізді жаңғыр­тып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткі­зу, екіншіден ел экономикасын, ғылы­мын  дамыту, сол үшін жігерлене еңбек ету. Ал бұл міндеттерді абы­роймен орындау, оған қол жеткізудің бір ғана жолы – жан-жақты білімді және тәрбиелі ұрпақты баулу.

Білімсіз қоғамда прогресс, жаңа өрлеу мүмкін емес. Елбасымыз Н.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, қазіргі уақыт адамзат биігін білекпен емес, біліммен бағынды­рудың заманы. Бүгінгі жас ұрпақ мұны анық сезініп, білім бұлағынан молынан сусындауға зейін қоюға тұлға болып орнығуға міндетті. Әрине, ұлағатты тәрбиесіз беріл­ген білімнің сапалы болмайтыны анық. Әлемнің екінші ұстазы әл-Фараби: «Тәрбиесіз білім адамзат­тың қас жауына айналады» деп тәрбие мен білім біртұтас екенін атап айтқан. Сон­дықтан тәрбие мен білім ұштас­қанда ғана толыққанды саналы, еліміздің тізгінін ұстар азаматтар мен тұлғалар пайда болады.

Бұл ретте Қазақ ұлттық аграр­лық университеті Қазақстан тарихы және Қазақстан халықта­рының мәдениеті кафедрасының жастарға білім беру мен тәрбие­леуде жасап жатқан істері де қомақты. Кафедраның басты мақ­саты мен міндеттері жастар сана­сында қазіргі уақыт талабына төтеп бере ала­тын, жаңаша ойлап, шешім қабылдай алатын,  еліміз­дегі және әлемдегі даму заманын­дағы болып жатқан түрлі өзгеріс­терді дұрыс бағамдай алатын, жан-жақты рухани тұлғалық қасиет­тері дамыған, туған жерінің жанашы­рын  дайындау болып табылады.

Хакім  Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегенін­дей, Қазақстан тарихы және Қазақ­стан халықтарының мәде­ниеті кафед­расының профессор-оқытушылылары студенттерге ғылыми бағыт-бағдар беру жолында, қоғамдық-саяси, мәдени, тәрбиелік шараларды атқару жолында әрдайым алдыңғы саптан айныған емес.

Кафедрада тәрбие жұмыстары­ның іс-шаралар жоспары жасалы­нып, ерекше тиімді, инновациялық модель­ге сәйкес әдіс-тәсілдермен жүргізіліп келеді. Студенттердің тек оқу үрдісінде ғана емес, бос уақы­тын­да  дұрыс пайдалануға көңіл бөлінеді.

Елбасы Н.Назар­баев­­­тың «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады» деген тамаша тұжырымын бағдар еткен Қазақ­стан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті кафед­расының профессор-оқытушы­лары өз міндеттерін жоғары біліктілікпен атқа­рып жүргенін мақтанышпен айта ала­мыз. Биылғы Жастар жылына   жар­қын істер тілей отырып, үлкен мін­дет­тер биігінен көріне берейік демекпіз.

Г.БАЙМҰРАТОВА,

З.ТАСТАНОВА,

ҚазҰАУ, Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті                           кафедрасының  аға оқытушылары.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *