Жарқын болашақтың сабақтастығы

Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқарма, Университеттер Альянсы U-38,  Алматы қаласы ЖОО студенттері біріккен G-38 ұйымы, Бостандық ауданы әкімдігі, «Нұр Отан» партиясының Бостандық аудандық филиалының қолдауымен   «Рухани жаңғыру: бағдарламаны жүзеге асыру мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

 Рая ЕСКЕНДІР

Конференцияға Қазақстан Республи­касының Ұлттық Ғылым академиясының ғалымдары, өнер, әдебиет қайраткерлері, Алматыдағы жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы, ма­гистранттар, студенттер, колледж оқыту­шылары, мектеп басшылары  қатысты.

Алдымен қонақтар ҚазИТУ-дың жетіс­тіктер көрмесімен танысты. Кон­ференция бағдарламасында пленарлық мәжіліс, секция және «Бәсекеге қабілет – ұлттың табысты болу көзі» деген атпен «Дөңгелек үстел» өтті.

Әлеуметтік-гуманитарлық кафедра жанынан құрылған студенттік тілдік клубтардың ұйымдастыруымен қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өткен  «Туған жер»  эссе байқауы қорытындыланып, жеңім­­паз студенттер марапатталды. «Рухани жаңғыру» офисінің  «Тұлға» жобасы  –  студент жастардың рухани-адамгершілік және  азаматтық тәрбие орталығының кезекті мастер-класы Т.Жүргеновтің 120 жылды­ғына арналып, жүргеновтанушылар: Айгүл Садықова мен Алмажан Жүсіп­қызының сұхбатымен басталып, ҚазИТУ студенттері дайындаған музыкалық-әдеби қойылымға ұласты. Танымдық маңызы зор рухани фильм тамашаланды. «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы – білім» тақырыбында  дәстүрлі түрде үшінші рет өткізілген «Мамандық үздігі–2018»  байқауы қорытын­дыланды.

ҚазИТУ ректоры, профессор Раиса Қабиқызы конференцияны құттықтау сөзбен ашты. Сонымен қатар, Алматы қаласы жастар саясаты жөніндегі басқарма өкілі, «Нұр Отан» партиясының Алматы қаласы Бостандық аудандық филиалы кеңесшісі Байғали Әбдәліұлы, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Хамит Біржанов, т.б. қонақтар жылы лебіздерін білдірді. Конференция барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академия­сының Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты директорының орынбасары А.Шашаевтың «Рухани жаңғыру аясындағы Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің прорек­торы Г.Сәрсенбекованың «Рухани жаңғыру: қоғамдағы үдерістер», әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті М.Дәуітбекованың «Рухани жаңғыру және тарихи сананың қалып­тасуы», профессор Г.Котошованың «Қазақ елінің ділдік рухани тұтастығы», Қазақ ұлттық аграрлық университетінің кафедра меңгерушісі, доцент Досалы Салқынбектің «Рухани жаңғыру: сапалы білім, саналы тәрбие» атты баяндамалары тыңдалды. «Ана тілі» газетінің әлеуметтік мәселелер және ақпарат бөлімінің редак­торы Бағдагүл Балау­баева, Қазақ ұлттық аграрлық уни­верситетінің қауымдасты­рылған профессоры Жұман Саят, Алматы қаласы «Үздік спикер–2018» байқауының жеңімпазы Рамазан Бекбол, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2-курс студенті Түменбай Ысма­толла, ҚазИТУ-дың студенті Зарқы­мова Зере өз ойларын ортаға салды.

Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің проректоры Гүлнәр Сәрсенбекова «Рухани жаңғыру: қоғамдағы үдерістер» атты баяндама жасады.

– Мемлекет басшысының тапсырма­сына сәйкес ағымдағы жылдан бастап білім беру гранттарының саны 20 мыңға көбейді. Олардың ішінде 11 мың грант техникалық мамандықтар бойынша, 5 мыңы еңбек нарығында талап етілетін басқа маман­дық­тарға, 3 мыңы магистрларды, 1 мыңы PhD докторларды даярлауға бағытталған.

Рухани жаңғыру бағдарламасы қоғам­дағы оң үдерістерге серпін беріп жатыр. Жастардың бойына адамгерші­ліктің асыл қасиеттерін ғылым, біліммен бірге ұштас­тыра отырып, қалыптастыру туралы мақса­тының өзі  көптеген игілікті істердің ұйтқысы болып отыр.

Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің профессорлық-оқыту­шылық және студенттік ұжымы төл тарихын біліп, құрметтейтін  Отанымыздың лайықты азаматтары мен патриоттарын тәрбиелейтін, өз ісінің білікті мамандарын, жоғары сапалы білімі бар мамандарды даярлайтын жоғары оқу орнына айналып, саннан сапаға көшіп, жұмыс жасап келеді. Университеттің әлеу­меттік инфра­құрылымы кеңейіп, жылдан-жылға стратегиялық даму бағытындағы үлкен межелерге қол жеткізуде. Биылғы жылы заманауи талаптарға сай Студенттер үйі берілді, – деді Гүлнәр Әлібекова.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *