Жапонияда әкімнің әйелі болу өте қиын

Табиғи апаттардан соң Жапонияда қиратылған үйлер тез арада қалпына келеді. Неге?

Құдай бетін әрі қылсын, бұл елде мұндай жағдайлар жиі орын алады. Адамдар баспанасыз, панасыз қа­лады. Мектептің спорт зал­дарында, палат­каларда тұруға тура келеді. Белгіленген қатаң тәртіп бойынша мұндайда жергілікті әкімшіліктің басшысы (біздіңше ауыл,  аудан, об­лыс әкімі) тура сол жерге отба­сымен көшіріледі. Сондай-ақ, күн райына қарамастан сол жердің ең қирап жат­қан тұсына, мектептің спорт залына, басқаға емес, палаткаға қоныстанады. Ол жерге басқа да тиісті шенеуніктер жіберіледі. Сонан кейін шаруа біткен соң шенеунік (әкім, министр) үйіне ең соңынан қайтады.

Жапонияда оқиғадан зардап шеккен­дердің үй-жайы қалай тез қалпына келтірі­летінін осылай түсінуге болады.

Сөз жоқ, мұндайда ойыңда біздің шенеу­ніктер тұрады ғой. Олар осындай тәртіпке көндіге алар ма еді, әлде қалта­телефонмен басқарып не болмаса сырт көз үшін ырымын жасап, ұрын барып қайтуы мүмкін бе?  Айтқандай, бізде қалай екенін қайдам, Жапонияда жергілікті әкімшілік басшысының (әкімнің дейікші) әйелі болу өте қиын.

Қ.ИМАН.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *