Жапалақ балапанын жоғалпайды

Алматылықтардан жерде жүрген жапалақтың балапандарына тиіспеу сұралды. Егер «жоғалған жапалақ балапанын» тауып алып кеткен болсаңыз, оны тезірек тура сол тауып алған жеріңізге қайтадан апарып тастағаныңыз дұрыс.

Сурет : видеодан алынды20 Сәуір 2020, 15:47

Алматы хайуанаттар бағы ауласында немесе көшеде жер бауырлап жүрген кішкентай үкінің балапанын көрсеңіздер,оған тиіспеңіздер деген құлақтандыру таратып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Мамандардың айтуынша, қазір тауда және Алматы аумағында өмір сүретін жапалақтар балапан шығарып, оларды өмірге үйретіп жатыр.

«Құрметті достар! Естеріңізге сақтаңыздар! Сіздер осы жыл мезгілінде кездестірген жол бойынан немесе аулада жер бауырлап жүрген сүп-сүйкімді, қауырсындары үлпілдек, көзі бақырайған кішкентай жапалақтарды көріп, «ұяларынан құлап, жоғалып кеткен» деп ойласаңыздар, қателесесіздер!
Әдетте, маубас жапалақтардың балапандары осындай кезеңде өз ұяларын тастап шығады. Олар жер бетімен ары бері жүгіріп, ағаштарға өрмелеп, бірте-бірте бұтақтан бұтаққа секіруді үйреніп, қанаттарын қатайта бастайды. Өздігінен тамақ тауып жей алмайтын болғандықтан, оларды ата-аналары ұзақ уақыт асырайды. Егер Сіз, өзіңізге таңқалып қарап тұрған жапалақтың кішкентай балапанын көріп қалсаңыз – тиіспеңіз. Ол жалғыз емес! Оның ата-анасы жақын маңда адамдардан жасырынып, балапанын қадағалап жүр. Олар өз балапанын адамдардың алып кеткенін қаламайды», деп жазды хайуанттар бағының әкімшілігі.

Алматылықтардан жапалақтың балапанын үйіне алып кетпеу сұралады.

«Кішкентай, үлпілдек жапалақ балапанын қорғансыз екен деп өзіңізбен алып кетпеңіз. Оған ұзақ та бақытты тіршілік етуіне мүмкіндік беріңіз.
Егер «жоғалған жапалақты» алып кеткен болсаңыз, оны тезірек тура сол тауып алған жеріңізге қайтадан апарып тастағаныңыз дұрыс.
Бір тәулік ішінде немесе екі күннің ішінде тауып алған жеріне қайтармасаңыздар, ол балапанның ата-анасы басқа жапалақтармен бірге мекенін ауыстырып, алысқа ұзап кетеді», делінген құлақтандыруда.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *