ЖАНЫ ЖАРАЛЫ ЖАНДАРДЫ ҚУАНТАЙЫҚШЫ

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп!» деп басталатын ұлы Абайдың осы өлең жолын бүгінгі айтар сөзіме арқау еткелі отырмын. Ата-бабаларымыз ежелден-ақ тілін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын берік ұстанған. Көп ұлтта кездеспейтін өзіне жетпей тұрса да, өзгеге жақсылық жасау, ниеттес болу, жомарттық көрсету халқы­мыздың қанында бар қасиет.

Жомарт болу – өзіңде барды өзгемен бөлісу! Бостандық ауданындағы №63 мектеп ұжымы «20 игі іс» республикалық іс-шарасы аясында, «Алматы қаласының психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған күндіз болу орталығы» КММ-ның Наурызбай аудан­дық №4 бөлімшесінде ұйымдастырған – Наурыз мерекесі аясында өткен іс-шараға атсалысып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Бұл іс-шараның мақсаты — тағдырдың жазумен жаны жаралы болғандарға жәрдем беру. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарыту. Бір-бірімізге бақыт сыйлар жүрек жылуымыз, мейірімділігіміз сарқылмасын! Аялы алақанымызды, қолұшымызды созып, қайырымдылық жасап, көмек қолын күткен әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялатайықшы!

 

Әбубәкір ЫСМАЙЫЛОВ,

№63 жалпы білім беретін мектеп

директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *