Жанымызда жүрген Жарас

Өтеш ӨТЕУЛІҰЛЫ

 

М.Әуезов атындағы акаде­миялық драма театрында Қазақ­стан Жазушылар одағының ұйым­дастыруымен және академиялық драма театрының қолдауымен Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын әрі журналист Жарас Сәрсектің 50 жасқа толған мерейтойына байла­нысты «Жаныңда жүрмін…» атты шығармашылық кеші болып өтті.

Өлең өрнегі, тіршілік ауаны, өмір деректерінен құрылған сыр-сұхбаттан тұратын мәдени шара нағыз поэзия кешіне ұласты. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Ұлық­бек Есдәулет мерейтой иесін қазақ қаламгерлері атынан құт­тық­тап, иығына шапан жапты. Сондай-ақ, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхаме­ди­ұлының құттықтауын респуб­ли­калық Кітап палатасының директоры, жазушы Әлібек Асқаров, Ақпарат және комму­никациялар министрі Дәурен Абаевтың құттықтауын «Қазақ газеттері» ЖШС директорының орынбасары Ләззат Ноғайбаева, Алматы облысының әкімі Аман­дық Баталовтың құттықтауын облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшы­сы Ақан Әбдуәлі, Алматы қала­сы­ның әкімі Бауыржан Байбек­тің құттықтауын әкімнің кеңес­шісі Мамай Ахет табыс етті. Шы­ғармашылық әдеби кеште Жарас Сәрсектің өлеңдеріне жазылған әндерді еліміздің танымал әншілері орындап, Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөс­пірімдер театрының әртістері өлеңдерін оқыды. Ақын туралы әріптес замандастары мен доста­ры Қуандық Түменбай, Әбубәкір Қайран, Бақыт Беделхан, Ба­уыр­жан Бабажанұлы, Бейбіт Сарыбай, Жанарбек Әшімжан, өзге де қаламгерлер естелік әңгі­мелер айтып, арнау өлеңдерін оқыды.

Жарас Сәрсек –  1968 жылы 15 мамырда Ұйғыр ауданы, Сүмбе ауылында дүниеге келген. ҚазМУ-ді бітірген соң «Парасат» журналында, «Жетісу» газетінде, Қазақстан Жазушылар одағын­да әдеби кеңесші болып қызмет етті. «Керуен көшіп барады»,  «Жү­регімнің ішіндегі жүрегім», өзге де өлеңдер жинағының ав­торы.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close