ЖАНСАЯ КӨШ БАСТАП ТҰР

«Ақшам» танытқан Жансая үшін биылғы жыл да табыспен басталып отыр. Еліміздің көк байрағын бір емес, бірнеше мәрте көкке көтерген Жансая Әбдімәліктің бақ сынаған байқаудан қанжығасы құр қайтқан кезі болмаған еді. Міне, биылғы жылы да әлемнің 20 жасқа дейінгі шахматшылары арасындағы рейтингінің көшін Жансая Әбдімәлік бастап тұр.

Рая ЕСКЕНДІР

Бекзат өнерді әбден бағындырып, шахмат тақтасын емін-еркін «билеп» алған Жансая бұл ойынның қай түрін де жаңғақша шағады. Әлемдік шахмат шеберлерінің айтуынша, әзірге Жансаяның алдына түсетін мықтылар кемде-кем екен. Небәрі 14 жасында гроссмейстер атанған Жансая 19 жасында тағы да рекорд жасап, жанкүйерлерін қуантып отыр.

Атап айтарлығы, Жансаяның мұндай жеңісін күні бүгінге дейін бірде-бір қазақстандық шахматшы жаңартпаған екен. Яғни үш бірдей рейтингіде үздік атанғандар болмаған. Жансаяның жеңісіне әбден тәнті болғандықтан шығар, кейде тіпті қандай жарысқа барып, жеңіп келгенінен жаңылысып та жатамыз.

Бұл сөзімізге жақында ғана Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында өткен әлем чемпионатына қатысқан Жансаяның үздік өнерімен тағы да әлемді таңқалдырғаны дәлел болса керек. Осы жолы Жансая әлемнің ең үздік алты шахмат­шысының бірі атанып қайтқан еді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *