«Жанұядағы» Наурыз

Мамандандырылған «Жанұя» кешенінде 75 жетім бала тәрбиеленуде. Әрқайсының тағдыры әртүрлі. Біз оларға туған ата-анасындай бола алмасақ та, мейірім-жылылықтан кенде еткіміз келмейді.

Жуырда Наурыз мерекесін атап өттік. Дәстүр бойынша жыл сайын ұйымдастырылатын Наурыз биыл да ерекше сән-салтанатты болды. Оған мұрындық болған кешен директоры Ляззат Кулсарина, ал оған жоғары деңгейде қолдау көрсеткен ұстаз-тәрбиешілер.

Мерекеге келген қонақтарды ұстаз-тәрбиешілер мен тәрбиеленуші балалар құшақ жая қарсы алды. Ляззат Әскерғалиқызы жиналған қауымды мейраммен құттықтап, барлығына ашық аспан, еңбектеріне жеміс тіледі. Сонымен қатар, қолдау көрсеткен демеушілерді атап өтіп, оларға алғысын білдіріп, алғыс хат ұсынды.

Мектептің іші-сырты Наурызға сай безендірілді. Барлық жерде киіз үйлер құрылып, қазақтың ұлттық әуендері ойнап тұрды. Келген меймандарға, тәрбиеленушілер мен ұжымға арнап кең дастархан жайылды. Аулада ұлттық ойындар ойналып, сахналық көріністер көрсетілді.

Той барысында Л.Кулсарина мерекеге жиналған қауымды жақсы жаңалықтан хабардар етті. Яғни «Жанұя» кешені мен «SKY PROJECT» компаниясы бірігіп қолға алған үлкен қайырымдылық жобасын таныстырып өтті. Аталған компания өкілдері Айтқали Есенғұлов, Виталий Владимирович, Айдын Халитов мерекелік іс-шараның қадірлі қонағы болды.

«Жанұя» тәрбиеленушілері де қарап қалған жоқ, әннен шашу шашып, мың бұрала билеп берді. Балалардың өздері де бұл мерекеден тәлім-тәрбие алды деп ойлаймыз.

Айнаш ҚАЛИЕВА,

мамандандырылған «Жанұя» кешені директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *