ЖАН САРАЙЫ ТАЗА ЖАННЫҢ РУХЫ БИІК

%d0%b6%d0%b0%d0%bd-%d1%81%d0%b0%d1%80%d0%b0%d0%b9

Өтеш ӨТЕУЛІҰЛЫ

Талай ғасыр бойы адамзат баласының соңына қалдырған мәдени мұрамен, ұлттық құндылықтармен сусындау, бойға дарыту – көңіл тазалығының, рухани жаңа­рудың сенімді жолы болып табы­лады. Елбасы Н.Назарбаевтың «Бола­­шаққа бағдар: руха­ни жаңғыру» атты мақаласында «Біз жаң­ғыру жолын­да бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамы­рымызда бүл­кілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түле­туі­міз керек» деп атап көрсетуі тегін емес.

Тазалықтың, таза жүрудің мағынасы үлкен. Сыртқы тазалыққа қарағанда, жү­рек тазалығы өте маңызды. Сырты сұлу болған­мен, іш сарайы таза болмаса бәрі бекер­шілік. Пайғамбарымыз «Таза­лық – иманның жартысы» дейді.

Мына қым-қуыт дүниеде, алдап-арбау, кісі ақысын пайдаланып кету, боп­салау сияқты жат әдеттер белең алған кезеңде адам баласының арам істер­ден алшақ жүруі, бойын таза ұстауы мүмкін бе деген сауал көкейге оралады. Адам жаратылысы өте күрделі болғандықтан, арам пиғыл мен ізгі ниеттердің қарама-қайшылығы бұрын да болған, қазір де бар екенін ешкім жоқ­қа шығара алмайды. Көңілі таза адам жат істерге, күнә жасауға бар­майды, ал көңілі қарайған жан кез-кел­ген қарау іске баруға дайын тұрады. Кө­ңіл­ді күнәлар қарайта­тыны туралы Ха­дис шәрифте: «Адам күнә істеген кезде көңілінде бір қара нүкте пайда болады. Егер тәубе етсе, ол дақ өшеді. Тәубе етпей қайтадан күнә істесе, ол дақ үлкейіп, көңілді толығымен қап­тайды, көңілі қап-қара болады». Күнә­лар кө­ңілді қарайта­тын­дықтан, оған себеп бо­латын нәрсел­ерден алшақ жүру керек.

Күнәһар адамда ғибадат етуге деген қалау мен құлшыныс болмайды. Күнәні өшіру үшін жақсылық және ғибадат жа­сау­ға тура келеді. Күнәдан аулақ болып, жақ­­сы­лық жасауға құштар болған жан­ның көңілі мен ішкі сарайы жарқырай түседі. Жамандық жасаған адам жүрегім таза деп айта алмайды. Адам баласының жақсы-жаманы атқарған ісіне қарай белгілі бола­ды. Егер адамның ешкімге зияны тимесе, қо­лынан келгенше жақсы­лық жасауға тырыс­са, Алланың әміріне мойынсұнып, тыйым салынған істерінен алшақ жүріп, адал болса, ол адамның ниеті түзу, жүрегі таза болады.

Адамның жүріс-тұрысынан, сөз сөйлеу мәнерінен, киім киісінен қандай адам еке­нін байқауға болады. Сөзі пысық жанның істеген ісі басқаша болуы мүмкін. Барлық күнә істерді қауіпті деп білу – имандылық­тың бел­гісі. Күнә істеу де көңілдің бұзық бо­луы­­нан. Күнә, харамнан қашатын бол­сақ, көңіліміз таза деген сөз. Ал күнә істеуден ләззат алатындардың көңі­лі кір, лас деген сөз. Көңілі таза бол­ған адам өзгелерге жақсылық жасайды. Көңілі таза кісі дүниеде рахат та, тыныш өмір сүреді. Жаман достардан және қажет­сіз, зиянды, күнә нәрсе­лерден адамның көңілі қараяды. Кітап оқу, өнер­ден рухани азық алу көңілге сүйіспеншілік ұялатады.

Жүректің қызғаныш, өркөкіректік, қаскөйлік сияқты жаман әдеттен таза­ла­нып, оның орнына қарапайымдылық, мейірім, шапағат, сабыр, үміт, сүйіспен­шілік сияқты көркем мінезбен толығуы жан сарайы таза жандарда кездеседі. Өткен өмірден көргені, оқыған-тоқы­ғаны мол жандардың әңгімесін тыңда­ғанда, жан сарайың ашылып, рухани тазарып шыға­сың. Кісіге жақсылық жасап, қолты­ғынан демеу, жылы сөзбен үмітін ояту – біздің халқымызда ерте­ден қалыптасқан. Қасиетті Ораза айын­да қайырымды да, сауатты іс жасау да сол жүрек тазалығынан атқары­латын шаруа болса керек.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *