Жамбыл облысы Алматыда өтетін жәрмеңкеге 360 тоннадан астам өнім әкеледі

Алматы қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру және Жамбыл облысы мен Алматы қаласы арасында өңіраралық ынтымақтастықты дамыту аясында 2020 жылдың 17-18 қазан күндері Алматы қаласының «Астана» орталық алаңында (Абылай хан даңғылынан Н.Назарбаев даңғылына дейін) және «Алатау» (Нұркент ықшамауданы, 6) концерт залының жанында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері өтеді.


Жамбыл облысы өнім өндірушілерінің қатысуымен өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне жалпы құны 162,1 млн. теңгені құрайтын 360 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылатын болады. Оның ішінде 36 тонна ет (жылқы, сиыр, қой еті және тауық еті), 9 тонна шұжық өнімдері, 27 тонна сүт өнімдері, 10 мың дана жұмыртқа, 3 тонна кондитерлік өнімдер мен 9 тонна макарон өнімдері, 10 тонна қант, 4 тонна ұн, 1 тонна тұз, 5 тонна балық, 11 тонна өсімдік майы, 6,5 тонна бал, 1,0 тонна кептірілген жеміс және 82,3 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.
Жамбыл облысы әкімдігінің хабарлауынша, жәрмеңкеде ұсынылатын өнім бағалары нарық бағасынан 8-20 пайызға төмен болады.
Іс-шаралар таңғы 8-ден кешкі 17-ге дейін 2 күн болады деп ескертеміз.
Қосымша хабарлаймыз, шаралар өтетін нысандарда санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды, оның ішінде «маскалық» режимді, қол гигиенасын (қолғаптар, антисептиктер) және әлеуметтік қашықтықты берік ұстану қатаң талап етіледі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *