Жамбыл атындағы кітапхана күрделі жөндеуден өтті

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасы аясында Жамбыл атындағы  кітапхана күрделі жөндеуден өтіп, жастардың зияткерлік орталығы ретінде есігін айқара ашты. Жаңа кейіпке енген ғимаратты қала әкімі Бауыржан Байбек те аралап, көріп шықты.

– Мемлекет басшысы атап өткендей, «Жаңа гуманитарлық білімнің» алғаш­қы оқулықтарын таныстыруда заманауи ұлт  бәсекелестігінің басты шартта­рының бірі – жас ұрпақтың білімділігі. «Президенттің «Қазақстан–2050 Стра­тегиясын қолдау» қоғамдық қоры­ның қаржылық көмегі арқасында  білім мекемелерін модернизациялаудың жаңа  тәсілі жүзеге асты. Жобаға қатысқан  алматылық жастар классикалық кітап­хананы жастардың коворкинг орталы­ғымен  ойдағыдай үндестіре білді, – деді шаһар басшысы Бауыржан Байбек.

Күрделі жөндеуден өткен кітап­ханада кітаптардан бөлек, электронды ақпаратпен жұмыс  істеуге, жаңа шығар­малармен танысуға, деректі және ғылы­ми-танымдық фильмдерді көруге мүм­кіндік беретін заманауи «Open space» орталығы бар. Сонымен қатар, кітап­хана жоғары жылдамдықтағы WІ-FІ желісіне қосылған. Оқырмандарға ыңғай­­лы болу үшін тамақтану бөлмесі де жұмыс істейді.

Жаңарған интерьермен қоса «Цифр­лы Қазақстан»  бағдарламасына сай кітап­хананың барлық  кітап қоры  сана­лып, электрондық форматқа көшеді. Қайта жаңғырған Жамбыл атындағы кітапхананың жалпы кітап қоры 1,8  миллион дана екен.  Бүгінде ол қаланың бірегей кітапхана жүйесіне  енді. Айта кету керек, көпшілік  оқырман қауым үшін кітапхана биылғы жылдың мамыр айында ашылады.

– Мұнда оқырман қажетті ақпарат­ты алып  қана қоймай, өз пікірімен бөлісіп, оны талқылай алады. Біз кеңіс­тікті заманауи және жайлы жасауға тырыстық. Екі үлкен залға бөлінген кітапхананың бір жағы – тыныштық аймағы деп аталады. Мұнда сізге ешкім кедергі келтірмейді. Тіпті, бөлек отыратын арнайы орындар да бар. Ал екінші бөлігі белсенді оқырмандарға арналған. Яғни жұппен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін конференц зал, презентация өткізуге болатын медиа­тека жасалған, – дейді жоба авторы Кәмилла Лұқпанова.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *