ЖАМАҒАТТЫҢ ФУТБОЛ ЖАРЫСЫ

Алматының мешітке келуші жамағаты 1 миллион теңге жүлде қорын сарапқа салуда

Алматыда «Асылмұра» бағдарламасы аясында мешітке келуші жамағат арасында футбол лигасы жалғасуда.

Қаз СТА стадионында өткен іріктеуде қаланың Орталық мешіті мен Райымбек мешітінің келушілері кездесті (Медеу ауданы).

Қызыққа толы болған ойындардың нәтижесінде 6 команда ішінде жүлдегерлер қатарынан «Халид Абдуллах», «Медеу» және «Х-Арт» (Райымбек мешіті) клубтары көрінді. Ал артынша топтық жүйе бойынша Орталық мешіт жамағатынан құрылған 16 команда арасында жарыс өткізілді. Нәтижесінде «Бірлік», «Алғабас» және «Арман» ұжымдары үш орынды бөлісті.

Барлық жүлдегерлер медаль, диплом­дар­мен марапатталды, ал бірінші орын алған командалар келесі кезеңге жолдама алды. Енді олар өз мешіттерінің намысын аудандық кезеңде қорғайтын болады.

– Біз «Райымбек» мешітінің жамағаты бүгінгі ойындарға ризамыз. Аптасына екі рет жаттығу өткізіп тұрамыз, сондықтан бірінші орын алу аса қиындық тудырмады. Енді ары қарай да жеңуге тырысамыз, – дейді «Халид Абдуллах» ойыншысы Нұркен Байшалов.

Қазіргі таңда қаладағы барлық 49 ме­шіт­тің 45-і өз ойындарын өткізіп үлгерген. Аудандық кезеңді ұтқан командалар қалалық, финалдық айналымға өтіп, 1 миллион теңгені сарапқа салады.

«Асылмұра» бағдарламасы Алматыдағы мешітке келуші жамағат арасында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.

 

Айдана ӘДІЛБЕКОВА,

Алматы қалалық ДШжС басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *