ЖАЛЫНДАҒАН ЖАСТАР БАР

Адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы, рухани бай және ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өресі озық азамат тәрбиелеу. Бүгінгі әлемдегі елдер мен халықтардың өзара тарихи байланысының дамуы, экономика, мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы, ертеңгі күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білім мен тәрбиеге ғана тән.

Дамыған қоғамның белгісі – ол білім, ғылым және мәдениетті жемісті түрде дамыту. Біздің мемлекетімізде елінің дамуы үшін үлес қосып қана қоймай, оның даму тарихын өзгерту мүмкіндігі бар жігерлі, талантты жастар өте көп. Сондай талантты жастардың біразы А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназияда қонақ­та болды. Кездесудің басты мақсаты – әр салада еңбегімен, өнерімен танылған үздіктерді жас толқынға үлгі ету. Мектеп-гим­назияда өткен кездесу кешіне әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторанты, Қазақстан бойынша тұңғыш рет жасалған наноспутникті ұшыру жобасына қатысқан, қазіргі таңда Қазақ ұлттық университетінің осындай бірнеше зерттеу жоба­сының мүшесі Нұрсұлтан Мей­рам­бекұлы, Қазақстан Журна­листер одағының мүшесі, ақын, «Тәуелсіз ел жастары» қоғамдық қорының президенті Бауыржан Айткәрімов, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің докторанты, Қазақ қыздар педагогикалық университетінің оқытушысы Раиса Құдайбергенова, Қыздар педагогикалық университетінің 3-курс студенті, «STARTUP-TOMІRІS» инновациялық жоба­лар байқауының 2-3- орын иегері, 2019 жылдың үздік студенті Ғайша Нұрпейісқызы сынды жастар қатысып, ой бөлісті. Ақын «Тәу­ел­сіз ел жастары» қоғамдық қорының президенті Бауыржан Айткәрімов А.Байтұрсынов атамыздың: «Неше түрлі ғылым, өнер – бәрі де тіршіліктің ауыр­лығын азайту үшін, рахатын мо­лайту үшін шығарылған нәрселер. Ғылым, өнер артылған сайын дүнияда бейнет кемімекші. Осы­ған ақылы жеткен жұрт­тар ғылым мен өнерді бірден-бірге асыруға тырысады. Асыру үшін әр түрлі істер істейді. Сол істердің бірі – білім жарысы», – деп айтқан сөзін мысалға келтіре отырып, оқушы­ларға ерінбей білім алуға, еңбек етуге шақырып, А.Бай­тұрсынов атындағы оқу ордасына сай оқу керектігін айтып, оқушы­лардың өтініші мен домбырамен арнау айтып берді. Сонымен қатар, оқушылар кеш қонақ­тарынан мамандықты дұрыс таңдау, ғы­лыммен айналысып, кәсіп жасау үшін қандай кедер­гілер бар, бүгінгі жастар үшін ұлттық, елдік, мемлекеттік құн­дылықтар дегені­міз не деген сұрақтармен пікір алмасып, рия­сыз әңгіме жүргізді. Кездесу соңы мектеп-гимназия оқушыларының ән шашуымен қорытындыланып, мектеп-гимна­зия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Қабды­лов келген қонақтарға рахметін айтып, ақ тілегін жол­дады.

 

К.НҰРПЕЙІСОВА,

 А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясының мұғалімі.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *