ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ ШЫҒАЙЫҚ!

Халықаралық серіктестік аясында Алматыдағы сенбілікке шетелдік елшілік өкілдері шығады

70017_b0

Шаһардың әлеуеті мен оның тұр­ғындарының мәдениетін сол шаһардың тазалығына қарап бағалауға болады. Қазақстанның ең үлкен мегаполисі, экономикалық және туристік орталығы Алматы қаласы атына заты сай болуы керек. Осыған орай, шаһар басшылығы алматылықтарды 29 қазан күні жал­пықалалық сенбілікке шақырып отыр.

Сенбілік күні ҚР Тұңғыш Прези­денті саябағында 50 жапырақты тал отырғызылып, 20 қырғауыл мен 10 ақтиін жіберіледі. Жалпықалалық сенбілікке танымал спортшылар мен қоғам қайраткерлері, қазақ эстрадасы­ның жұлдыздары мен жастар бірлес­тіктерінің өкілдері, мемлекеттік және денсаулық сақтау саласының қызмет­керлері, мектеп ұжымдары мен оқушы­лары, жоғары және орта оқу орындары, ПИК өкілдері, т.б. шығып, шаһар тазалығына атсалысады. Сенбілікке жалпы саны 250 мыңнан астам алматылық шығады деп күтілуде.

Халықаралық серіктестік аясында Түркия консулдығының Қазақстан Республикасындағы сауда атташесі Исмаил Сарычаслы сенбілікке қаты­сып, Түркиядан әкелінген қызғалдақ­тарды отырғызады. Бұл іс-шара ықы­лым заманда қазақ даласынан шығып, әлемге тараған қызғалдақтардың «Отанына оралу» символдық мәніне ие.

Алып шаһардың санитарлық жағдайын жақсартып, абаттандыруда қаланың эстетикалық келбетіне ерекше мән беріледі. Қаладағы қоршаулар, бағаналар, орындықтар, урналар, т.б. көше белгілері сырланып, жөнделеді. Қала бойныша 1010 тал мен жасыл желектер отырғызу жоспарлануда.

Сенбілік кезінде жиналған қоқысты қала сыртына шығаруға 600-ден астам техника тартылады.

Сүйікті қаламыз Алматының кел­беті көркем, экологиясы таза болуы үшін бір кісідей жалпықалалық сенбілікке шығайық!

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *