Жалмауызға да жан керек

550Жириновский деген жырындыны, бәлкім, сұрқай өмірі жалықтырды ма, қайсыбір күні тағы да кәрі жынын шақырды. Бұл жолы да шектен шығып кетті, әрине.

Өткен жұмада Мемле­кеттік думаның кезекті жиы­нынан соң журналистерге сұх­бат берген ол жиналған тілшілерді жаппай тілдей бастады. Сол баяғы «тисе терекке, тимесе бұтаққа» дейтін қалпымен, әрине. Кәрі жынына мінген Жири­новский ЛДПР-дың екі жас мүшесін жур­налистерге, жас қызға қарай «кәне, сүй, аймала» деп итере бастады.

– Мұныңыз не, ішімізде екіқабат жас келіншек бар, – деген қыз баланың қарсылығына да қарамай, «жезөк­ше» деген секілді бірдеңе айтып, оны да тілдеп жіберді.

Сонымен әбден қорланған қыз бала, «Ресей бүгін» телеарнасының тілшісі Жириновскийді сотқа берді. Мемлекеттік думаның комиссиясы да Жириновскийдің тілшіден кешірім сұрағанына қарамастан, оның тәртібін қарауды тоқтатар емес. Сірә, дума да әбден шаршаған болуы керек, бұл жолы партиялық әріптестері де үнсіз қала алмады. Красноярскіден Мальчиков деген біреу мұндай жағдайға төзбейтінін айтып, партбилетін беріп жіберіпті. Сірә, бұл жынсүрейдің партиясының енді ыдырай бастайтынының алды болса керек.

«Жалмауызға да жан керек» демекші, Жиринов­скийге де жан керек. Бұрын-соңды кешірім сұрау ойына да келмейтін неменің бұл жолғы мүләйімсуі соны білдірсе керек.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *