Жалақысының 80 пайызын оқушыларға жұмсайтын мұғалім

Дубайда жаратылыстану ғылымының оқытушысы Питер Табичиге бір миллион доллар сыйақымен қоса «Әлемнің үздік мұғалімі» атағы табыс етілді.

Үнді кәсіпкері Санни Варкейдің қайырымдылық қоры 2015 жылдан бермен қарай әлемнің үздік мұғаліміне арнайы сыйлық тапсырып келеді. Биыл бұл байқауға қатысуға 179 елден 10 мың өтініш келіп түскен.

36 жастағы Табичи Пвани (Кения) ауылында орта мектепте мұғалім болып істейді. Ол еңбек ететін мектепте бір-ақ компьютер және әр мұғалімнің қарамағында 58 оқушы бар. Табичи ай сайынғы жалақысының 80 пайызын кедей тұратын оқушылардың оқулығы мен киімін алуға жұмсайды. Олардың көбісі ата-ана қамқорлығынсыз Табичидің тәрбиесімен өсіп келеді. Бұл мектепте көбіне оқуға қажетті көрнекі құралдар жетіспейді.

Табичи оқуға жиі келмей қалатын балалардың отбасына жиі барады, сондай-ақ, мектеп бітірмей қыздарын күйеуге бермекші болған ата-аналармен де әңгіме жүргізеді, оқудың қажеттігін дәлелдейді.

Оның оқушылары ұлттық және халықаралық ғылыми байқауларда жүлде алып, оның ішінде Британ ханзадасының химиялық қоғамының арнайы жүлдесін жеңіп алғандар да бар.

Қ.ИМАН.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *