Жалқаулықтың емі

Мен бес уақыт намазды тастамай оқимын, қаза қылмауға тырысамын. Алайда, кей-кездері жалқаулығым басым түсіп, намазды кейінірек оқимын деймін де, кейде ұйықтап, кейде ұмытып кетіп, сол намазды қаза қылып қоятыным бар. Жалқаулықтың емі қандай? Оны қалай жеңуге болады?

Жалқаулықтың бірер емі бар. Біріншісі – тақуалық: күнәлардан ұзақ болып, Алланың әмірлерін ақ­сатпау. Себебі, Алла Тағала Құран-Кәрімде:

«Кім Алладан қорықса, оның  ісіне жеңілдік бере­ді», – деген. Ендеше, кімде-кім күнәлі іс істеп немесе соған жақын жүрсе, онда оның ғибадатқа деген құлшынысы әлсірей береді. Екіншіден – ғибадатты кешіктірмеу. Әр ғибадатты өз уақытында, әуелгі уақы­тында оқу. Еріншектің ертеңі таусыл­майды. Ал мұсыл­ман – хайырлы істі кейінгіге қалдырмайды. Үшіншіден – көпшіліктің, жамағаттың жанында болу. Себебі, шай­танның азғыруы көпшіліктен гөрі жекелеген адамдарға әсерлірек. Төртіншіден – жалқаулыққа қарсы Алладан көмек сұрап, дұға жасау. Мысалға, пайғамбарымыздың (с.а.с) мына дұғасы: «Ал­лаһумма инни аъузу бика минәл-ъажзи уәл-кәсәл, уәл-жубни уәл-бухли уәл-һарам, уә аъузу бика мин ъазабил-қабр, уа аъузу бика мин фитнәтил-махиа уәл-мә­мат». Мағынасы: «Уа, Алла! Расында мен әлсіздік пен еріншектіктен, қор­қақтық, сараңдық, хайыр­сыз кәрі­ліктен және тірілер мен өлілердің бүлігінен бір Өзіңе сыйынамын».

Алла баршамызға ғиба­датымызға берік, амал­дары­мызға ықыласты болуы­мызды нәсіп етсін.

 

Жақсылықтың ең үлкені

Әбу Зәрр (р.а.) әңгі­мелеуде:

«Бірде Пайғамбарымызға (Оған Алланың игілігі мен сәлем болсын) барып «Маған ақыреттік пайдасы бар кеңес беріңізші?», – дегенімде, – Дүниелік ісіңнің артынша дереу сауапты іс жаса. Қатең менен күнәңды жуып-шайсын, – деген жауап алдым.

–  «Лә иләһә иллаллаһ» деп айту да сауапты іске жата ма? – деп сұрағанымда,

– О не дегенің? Бұл сөз – жақсылықтың ең үлкені», – деп айтты деп – Әбу Зәрр (р.а.) адамзат үшін сауапты әрекеттерді атап көрсетті.

Бетті дайындаған –

Әсел ДАҒЖАН.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *