ЖАЛҒАН АҚШАНЫ ҚАЛАЙ АЖЫРАТУҒА БОЛАДЫ?

Қазақстан Ұлттық Банкі 2011 жылы шығарған номиналы 5000 теңгелік ақшаның қолдан жасалуы жиілеп кеткенін хабарлайды. Бұл ретте қолдан жасалған банкноттардың сериялық нөмірі – ВВ 5547994 немесе басқаша болуы мүмкін дейді.

Негізі, жалған банкноттар бетінде геометриялық фигуралар түріндегі сутаң­ба болады. Сонымен бірге, аңыздағы самұрық құсы бейнесіндегі сутаңбаға ұқсатып жасауға тырысқан. Жалпы, бұл жалған банкноттарда қорғаныш қабілеті бар сутаңба, үзік жіп, жасырын және қабат­тасқан суреттер, барыс қанаты бейнесіндегі «СПАРТ» қорғаныш элементі, ультракүлгін жарықпен ғана көрінетін бейнелер және тағы басқа да элементтер кездеседі.

Ультракүлгін жарықпен қарағанда қолдан жасалған банкнот көгілдір түске енбейді екен. Ал мұндай банкноттардың түрлі-түсті талшықтары қолдан боялған, әрі бұл жалған 5000 теңгелік ақшаның түсі көмескілеу келеді дейді.

Соған орай Қазақстанның Ұлттық Банкі түпнұсқаны жалған ақшадан ажыра­туға көмектесетін бірнеше ережені ұсынып отыр. Оларда:

  1. Алдымен банкнотты ұстап, сипап көру керек. Ол ерекше сықырлайды және түпнұсқада арнайы бедерлі мөр бар. Бұл бедерді «Қазақ елі» монументі, банкнот номиналының әріппен жазылуы, сәулет өнері туындылары, Қазақстан картасы және «ҚАЗАҚ­СТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу бар жерде байқауға болады.

Банкноттардың бәрінде саусақпен сипағанда білінетін, зағип жандарға арналған бедерлі элементтер бар.

  1. Содан соң банкнотқа мұқият қарау қажет. Түпнұсқаның бояуы қанық болуы тиіс. Сутаңба және санмен жазылған номиналды көру үшін банкнотқа жарық түсіріп қарау керек.

Тұтас магнитті үзік жіпке де назар аударған жөн. Сырт көзге үзік-үзік сызық болып көрінетін бұл элементке жарық түсіргенде, біртұтас екені әрі бетіндегі жазулары анық байқалады.

  1. Банкнотты қисайтып қарау қажет. Номиналы 1000, 2000, 5000, 10000 және 20000 теңгелік банкноттарда түсі құбы­лып тұратын суреттер салынған. Бан­кнотты қисайтып қарағанда, суреттер жасыл түстен алтын түске енеді.

Сондай-ақ, номиналы 2000 және 5000 теңгелік банкноттардың бір жағында голографиялық жолақ бар. Голограм­мадағы бейнелер құбылып тұрады және олардың динамикалық әсерін байқауға болады деген ережелері келтірілген.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *