ЖАЙЛЫ ЖАТЫП, ЖАҚСЫ ТҰРУ ДАҒДЫҢЫЗ БОЛСЫН

Ұйқыға кейбіріміз көп мән бере бермейміз. Тіпті таңға дейін отырып жұмыс істейтіндер болады. Бірақ  ғалым­дар  бұл тәр­­тіптің адам денсаулығына зиян екенін ғылыми түрде дәлел­деген. Ұйқының да өз тәртібі бар. Яғни уақы­тында ұйық­тап, уақы­тында тұрған адамның денсау­лығы қалыпты, атқаратын жұ­мысы ретті болмақ.  Дейтұрған­мен,  арамызда ұйқы­сыз­дық дертіне шалдыққан адам­дар  жиі кездеседі. Ұйқы­сыздықтың ең басты белгілері түнде еш себепсіз оянып кетіп, қайта ұйықтай алмаудан баста­лады. Бұл жағдай күнде қайта­ланатын болса, сіз ұйқысыздық дертіне шалдықтым дей беріңіз, ал осы  денсау­лы­ғыңызға кері әсер ететін, ісіңіздің берекесін қашы­ратын ұйқы­сыз­дықтан арылу үшін, ең алдымен, өзіңіздің күнделікті ұйқыңыздың тәртібін қалпына келтіргеніңіз дұрыс. Егер де ұйқы ережелерін қалыпқа келтіріп, оны тұрақты әдетке айналдыра білсеңіз, бір-екі аптадан кейін ұйқыңыз қа­лыпқа келіп қана қоймай, таңер­тең жақсы көңіл-күймен оя­нып,  сол күнгі  жұмыстары­ңыз­ды да шарша­май-шалдықпай атқара­тын бола­сыз. Ал енді ұйқысыз­дық дертіне шал­дыққан-шал­дықпағаныңызды дәл анық­тау үшін  төмендегі қарапайым ғана төрт сұраққа  жауап берсеңіз болғаны.

  1. Ұйқыға кетер алдында әр нәрсені жиі ойлап, ұзақ уақытқа дейін ұйықтай алмай жатасыз ба?
  2. Таңертең сағат алтыдан бұрын ұйқыңыз ашылып кете ме?
  3. Түн ортасында оянып кет­сеңіз, қайта ұйықтай алмайсыз ба?
  4. Ұйықтап кеткенмен күні бойы дел-сал күй кешіп жүретін кезіңіз жиі бола ма?

Егер осы сұрақтың төртеуіне де «иә» деп жауап берген болсаңыз, онда сізге дәрігерге көрініп, тиісті ақыл-кеңес алған дұрыс. Өйткені, бұл ұйқысыздық ауруы­ның алғашқы белгілері болып табылуы мүмкін. Көп жағдайда түнгі ұйқының бұзы­луы  кейбір сырқаттардың белгісі болуы да мүмкін. Мәселен, өкпе, жүрек аурулары, күйзелісті  жағ­дайлар, дұрыс ұйықтау үдерісін бұзатын дәрі-дәрмектер, жатар алдын кофе, шәй ішу, темекі тарту, ішімдік ішу де ұйқының бұзылуына әкеліп соғады. Ұйқы­сыздық салдарынан көз бұлды­рап, ауырады. Егер бұл белгілер созыл­малы дертке айналса, оның соңы глаукомаға, яғни суқараң­ғылыққа ұрын­дыруы әбден мүмкін. Сондықтан әр адам  ұйқының тәртібін қатаң сақтап, оны өзінің күнделікті өмір дағдысына айналдыра білгендері жөн. Ересек адамдарға 7-9 сағат ұйықтау қажет. Сондықтан сізге таңертең сағат жетіде ояну керек болса, онда сізге күнде түнгі сағат 10-11-де жатып ұйық­тауды әдетке айналдыру керек.  Ұйық­тайтын уақытыңызды күн тәрті­біне қарай реттесеңіз, қанша­лықты ерте тұрсаңыз да  ұйқыңыз  қанатын болады. Тым кеш болатын  кионсеанстар, ойын-сауық және басқа да шуылы көп  дүниелер миға үлкен салмақ түсіретінін естен шығармаңыз. Ұйқым қанық,  күнделікті ісіміз оң  бол­сын десеңіз, ұйқыңызды тәртіпке келтірген жөн.  Ол үшін ойын-сауықты шектеп, ұйық­тауға жатудан бұрын бір жарым-екі сағат бұрын телевизорды сөндіріп, кесте тоқыңыз, сабырлы әуенді музыка тыңда­ңыз.  Көзіңіз қатты ұйқыға кеткенше  кітап оқуға болады. Ал сіз  алмұрт жемі­сінің шаршағанды басып, мазасыздық пен ұйқысыздықтың алдын алуға көмек­тесетіні білесіз бе? Диетолог мамандар алмұрт­тың құрамындағы дәрумендердің  шаршағанды басып қана қой­май, ас қорыту жүйелерін қалып­қа келтіретіндігін де айтады.   Қазақта «жайлы жатып, жақсы тұр» деген сөз бар ғой, жайлы жат деген сөздің үлкен мағы­насы бар. Ұйқы тыныш болу үшін де жататын орның таза, төсегің дұрыс болуы тиіс.  Сол себепті, жайлы жатып, жақсы тұруды әр адам өзі қалыптас­ты­руы тиіс. Жалпы, төсекте ұйық­тамай жату, ұйқыңыз келгенде оған қарсылық жасау  да зиян­ды, оған дағды­ланбаңыз. Ұйқы­ның уақыты,  ұзақтығы сынды қасиеттері сақталған  жағдайда ғана  түнгі  ұйқы сіз үшін нағыз дем­алыс болады. Ұйқыңыз тыныш болсын, ағайын. Әр күні жайлы жатып, жақсы тұрула­рыңызға  тілектеспіз.

 

А.ШАРИПИДИН,

Б.БЕКБОСЫНҚЫЗЫ,

Қазақстан-Ресей медициналық

колледжінің  2-курс студенттері.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *