ЖАЙЛЫ ҚАЛАҒА ҚАЛАЙ ҚОЛ ЖЕТКІЗЕМІЗ?

34Белгілі даниялық сәулетші Ян Гейл Алматының бейнесін өзгерту тұжырымдамасын ұсынады

Бұл туралы Алматы қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасынан хабарлады. 

33Үш күндік сапары барысында шетелдік қонақ Алматы қаласының бейнесін өзгерту бойынша өз тұжырымдамасын ұсынады. Сонымен қатар, ол Алматы қаласының басшылығымен, қала құрылысы кеңесімен және қаланы абаттандыру ісімен айналысатын жеке компаниялардың басшылығымен бірқатар кездесулер өткізеді.  Бұдан басқа, даниялық урбанист үкіметтік емес ұйымдармен, студенттермен және меценаттармен де кездеседі.

32Айта кетелік, Ян Гейл қаланың қоғамдық кеңістігін зерттеуші ірі ғалым. Ол осы кеңістікті ұтымды пайдалану, қала құрылысын лайықты жүргізу, жүргіншілер мен велосипед жолдарын салу  ісімен айналысады. Көптеген елдерде жергілікті қала әкімдіктерінің кеңесшісі қызметін атқарған. Оның идеялары Данияда, одан кейін Еуропа, Солтүстік Америка, Азия және Австралия елдерінің қалаларында кеңінен қолданылған. Ол Gehl Archіtects фирмасының негізін қалаушы.

Ян Гейл өткен жылы Алматы қаласының ерекшелігін зерттей келе, қаланы жергілікті тұрғындар мен қонақтар үшін жайлы етудің жолдарын ұсынған болатын. Осылайша, оның кеңесімен 2015 жылы қаланың сегіз ауданында жүргінші жолдары, демалыс орындары, спорт және балалар алаңқайлары салынды. Веложолдар желісі кеңейтілді.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *