ЖАҢҒЫРУ, ЖАҢАРУ КЕЛЕР ЖЫЛЫ ДА ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ

Қаланың тынысы ашылып, алматылықтардың өмір сүру ахуалы өрге басты Мәншүк БЕКБОСЫН

Мәншүк БЕКБОСЫН

Биыл Алматының келбеті өзгеше көркейді. Бұрын мұндай ілкімді істер оқта-текте ғана жасалса, қазір өрелі өзгерістерді күн сайын көзіміз шалатын болды.

 

–       Бұл – бастамасы ғана, – дейді қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Алмасхан Ахмеджанов. Келер 2019 жылы мегаполисте Достық даңғылы, Жібек жолы көшесінен Сейфуллин даңғы­лына дейінгі аралық, сондай-ақ, Төле би, Қазыбек би, Гоголь көшелері, Кіші Алматы мен Есентай өзендері толығымен қайта жөндеуден өтіп, шаһардың ажарын аша түседі. Төле би көшесінің бойына ЛРТ және БРТ желісі жүргізіліп, жаяу жүргін­шілер жолы ретке келтіріліп, маңайдағы ағаштар сәнделіп, ерекше күтімге алынады. Гүлзарларда қызылды-жасылды гүлдер жайқалады.

–       Келер жылы жөндеу жұмыстары жүргізілуге тиіс көшелердің тізімінде Қонаев көшесі көрсетілмеген. Жақында бұл көшеге жаңа тас жолы төселіп, велосипедке арналған жол жасалды. Әзірге атқарылған жұмыстың кепіл берілген уақыты аяқталған жоқ. Жол жабындысының сапасы тексеріліп біткенше, жөндеу жұмыстарының қашан басталатыны да шешіліп қалар, – дейді А.Ахмеджанов.

Биылғы жылдың аяқталып қалғанына қарамастан, Абай, Назарбаев, Абылай хан даңғылдарындағы, Желтоқсан көшесі мен Абай алаңындағы құрылыс жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр.

–       Алматы қаласының келбеті жөнінде көптеген жағымды пікірлер бар. Бұл біздің мерейімізді өсіріп, бір серпілтіп тастайтыны рас. Дегенмен, Алматының ажарын ашуға бағыт­талған айтулы істер әлі аяқталған жоқ. Көшелерге әлі шағын сәулеттік пішіндер қойылған жоқ. Біраз жердегі жаяу жүргін­шілер жолы мен көшелер толығымен ретке келтірілмеді. Сәулет және қала құрылысы басқармасының сайтында жөн­деліп жатқан көшенің дизайн-кодын көруге болады. Жалпы, орталық көшедегі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын, – дейді қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары А.Ахмеджанов

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *