Жағымды жаңалық: НЕМІС САПАСЫМЕН ЖАСАЛҒАН ОТАНДЫҚ «САЙМАН» САНАУЫШТАРЫ

Жақсы, үнемшіл құралдар ешқашанда жарнаманы қажет етпейді. Төменде назарларыңызға ұсынып отырған газ санауыштары сіздерді артық төлемнен құтқарады, тапқан табысыңызға береке береді. Көп ойланбастан таңдау жасаңыз да,көгілдір отынды қалауыңызша пайдаланыңыз.

Отандық өндіріс көшбасшыларының қатарында келе жатқан «Корпорация  Сайман» ЖШС директоры Ж.Ақжанов мырзадан жоғарыда аталған үнемшіл газ санауыштары туралы жан-жақты айтып беруді сұрадық. Назарларыңызға сол мақаланы ұсынып отырмыз.

Қазақстан нарығында 27 жылдан бері ха­лыққа сапалы және қолжетімді электр са­науыш­тар (счетчик) ұсынып, тұтынушыларының сұранысына ие болып жүрген «Сайман» ком­паниясы жақында тағы бір жағымды жа­ңалығын жұртшылыққа жариялады. Әлем­дегі алдыңғы қатарлы елдердің көшба­сында тұрған Германия мемлекетінің атақты ZENNER атты брендімен бірлесе отырып жасалған «Saіman – Zenner» газ санауыштарының отандық өнімдерін өндіріп, тұтынушыларға ұсына бастады. Қа­зіргі қымбатшылық кезеңде газды пайда­ланушы азаматтар, жеке кәсіпкерлер немесе компаниялар жалпы тарифпен төлегеннен гөрі, нақты пайдаланылған газ өнімі үшін тиісті соманы төлегенді қа­лайды. Мәселен, сіз санауышыңыз болма­са газ отынын пайдаланған көле­міне қа­рамай белгілі бір соманы төлеуге мін­деттісіз. Ал бұл өте тиімсіз, көпшілігімізге соншама ұнамайтыны ақиқат. Ал «Сайман» зауыты ұсынып отырған газ са­науыштары аталмыш мәселенің бірден-бір нақты шешімі десек, қателеспейміз.

Көлемді диафрагмалық газ санауыш­тары СГ-G1,6-01-Д,СГ-G4-01-Д және СГ-WG6-01-Д болып бөлінеді.

 

СГ-G1,6-01-Д санауышы пәтерлерге қолдануға арналған, СГ-G4-01-Д және СГ-WG6-01-Д болса жер үйлерде немесе кәсіпорындарда қолданылады.

Санауыштардың барлығы Қазақстан Республикасы­ның аумағында пайдалануға рұқсат етілген және өзінің техникалық сипаттамаларымен СТ РК ГОСТ Р 50818-2016 талап­тарына сәйкес келеді.

 

Газ санауышы үш негізгі құраушыдан тұрады:

 

ұнтақ жабын­ды­мен

қап­тал­ған гальван­далған

болат­тан жасалған ауа

өткізбей­тін корпус;

өлшем механизмі;

  есептеу құрылымы.

 

Корпустың қаптамасы са­науышты қолданған кезде ұш­қынның пайда болуынан қор­ғайды және тот басудың алдын алады. Механизмнің бөл­шек­тері химиялық әсер­лесу үрдісіне шыдамды пласт­мас­садан жасалған.

 

«SAІMAN-ZENNER» газ санауыштарының тамаша ерекшеліктері де баршылық:

 

Сақинасы тот баспайтын болаттан жасалған.

Есептеу механизмі артқа жү­руден және өз өзінен жүруден қорғалған.

Температураға байланысты газ есептеуін түзетеді.

EFFBE мембрана­лары (Франция) қолда­нылады.

Есептеу механизміне мем­бранадан айналым маг­ниттік жетек арқылы беріледі. Осылайша мембрана мен сырт­қы есептеу механизмі арасында механикалық байланыс жоқ.

Санауыштардың ауа өткізбейтін корпусы жоғары сапалы болаттан жасалған.

 

Корпустың қаптамасы санауышты пайдаланған кезде ұшқынның пайда болуынан және тот басудан сақтайды.

 

Қашықтан деректерді алу сенсорларын қолдану мүмкіндігі.

 

Жеңіл салмақты, тартымды сырт көрінісі.

 

Жоғарыда аталған газ санауыштарын кез-келген жеке тұлға да, заңды тұлға да өз қалауы бойынша пайдалана алады. Егер сіз артық шығынсыз, үнемшіл болғыңыз келсе көп ойланбастан SAІMAN-ZENNER газ санауыштарына таңдау жасаңыз. Қазақстан нарығында 27 жыл бойы сапа­лы да тиімді құралдарын ұсынып, ел экономикасына елеулі үлес қосып жүрген «Корпорация Сайман» ЖШС өнімдері туралы толығырақ мәлімет алғыңыз келсе, хабарласыңыз:

 

+7 (727) 338 51 88 ішкі нөмірі (302, 304)

www.saіman.kz

 

Неміс сапасымен жасалған қазақстандық құралдар  сіздің отбасылық немесе кәсіпкерлік бюджетіңізге береке берсін!

 

Ж.Ақжанов,

«Корпорация Сайман» ЖШС директоры.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *