ЖАҚСЫ МЕН ЖАМАН

Алтай Жақып қажы деген кісі: «Құдайдан сегіз тілек тілеймін, төртеуін «Бер» деп тілеймін, төртеуін «Берме» деп тілеймін, — деген екен.

«Бер» деп тілейтін төрт тілегім:

— Әуелі Алладан «Саулық бер», —  деп тілеймін.

— Екіншіден, халық ішінде айтқаным қабыл болғандай аузыма әлһам бер, — деймін.

— Үшіншіден, өз сөзіме өзімді фатиха сүре ахирет ойлап сөйлегендей ақыл бер, — деп сұраймын.

Төртінші, екі дүниеме бірдей себепкер болғандай әйел бер, —  деймін!

«Берме» дейтін төрт тілегім:

— Біріншіден, өзін зор тұтқан, ата-ананы қор тұтқан бала берме, — деймін.

— Екіншіден, басқан ізіңді аңдып, пәле салып отыратын туысқан мен көрші берме, — деймін.

— Үшіншіден, мехнаты көп, рахаты жоқ дәулет берме, — деймін.

— Төртіншіден, өзі білмейтін, айт­қан­ға көнбейтін әйел берме, — деп сұраймын !

 

ӘЗІЛ

Әйелі мен күйеуі келісіп, жастық шақты еске алатын болыпты. Күйеуі әйелін кездесуге шақырып, гүл сыйлауы керек екен. Әйелі әбден дайындалып, кездесу орнына асығып келсе, күйеуі келіп қойыпты. Қолында кактус гүлі бар дейді. Әйелі ашуланып:

— Не болды саған, маған баяғыда кактус сыйлап па едің? Раушан гүлің қайда? – деп ренжіпті. Сөйтсе күйеуі еш саспастан:

— Сен ол кезде раушан секілді болғансың. Ал қазір кактус сияқтысың, жақындап кетсе, тікенегің кіріп кетеді. Сондықтан табиғатыңа жақын гүл алдым, – депті.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *