ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАП, ТЕҢІЗГЕ ТАСТА

Бір күні Жүнәйд Бағдади хазрет теңіздің жағасын кезіп жүріп балықтарға жем лақтырып отырған мәжусиді (отқа табы­натын адамды) көреді. Арала­рында мынадай  әңгіме болады:

–       Не істеп отырсың?

–       Сауап жинау үшін балық­тарға жем лақтырып отырмын.

–       Сенің жауап жинауың үшін алдымен иман келтіруің керек. Сен мұсылман емессің ғой, қандай сауап туралы айтып отырсың?

–       Жарайды, менің бұл ба­лық­­тарға жем тастап отыр­ға­нымды сенің Құдайың көріп тұр ма?

–       Ол білмейтін, Ол көрмей­тін ешнәрсе жоқ.

–       Онда маған сол да жеткілікті.

Арада 3—5 жыл өткеннен кейін Жүнәйд Бағдади хазрет қажы­лыққа барып, тәуап етіп жүріп, баяғы теңіз жағасындағы балық­тарға жем лақтырып отырған мәжусидің де тәуап етіп жүргенін көреді. Жүнәйд Бағдади хазрет одан сұрайды:

–       Мұнда не істеп жүрсің?

–       Ол мені көрді.

–       Қалай көрді?

–       Сен кеткен соң ішімде бір нұр жарқырай бастады. Бір қарағанымда балықтардың барлығы «шәһадат кәлимасын»  айтып жатты. Ағаштарға қара­дым, олар да «шәһадат кәлима­сын»  айтып тұрды. Одан кейін мен де оны айта бастадым. Сенің Құдайың мені көрді, Ол көргені үшін мен осында келдім. Саған бір насихат айтайын:

«Жақсылық жасап, теңізге таста, балық көрмесе де Жара­тушы көреді».

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *