Жақсылықты көре білетін тұлға

Қай уақытта болмасын тұтас халықтың ортақ идеологиясын қалыптастыруда ақпарат құралдарының рөлі ерекше. Тәуелсіздікпен  бірге  еліміздің ақпараттық кеңістігінде үлкен дүмпу болды.  Газет-журнал қатары әлденеше есеге көбейіп, отандық БАҚ нарығында бәсеке қыза түсті. Олардың  басшылығына  азат ойлы, үлкен  жүректі  менеджерлер  келді. Солардың  қатарында  белгілі   журналист Марат  Тоқашбаев та болды.

Ермек  ЖҰМАХМЕТҰЛЫ

Марат  Тоқашбаев – үлкен азаматтық,  қайраткерлік, қаламгерлік  жолдан  өткен тұлға. Оның  күрес жолы өнегелі жол. Қазақ журналистикасының деңгейін жоғары  көтеруге  үлес қоса  білген  Марат Бәйділдәұлы,  міне, жарты ғасырдан бері журналистиканың комиссары рөлін атқарып  келеді.  Ол бұрыннан бар басы­лымдарға қарағанда жаңадан шығарыла бастаған мерзімді баспасөзде анық көрінді. Олар қоғамдық сананың оянуына үлкен ықпал етті. Партиялық  басшылық билік жасаған кезде  қазақ ұлтының  арынын аштырмай, оның құндылықтарын өшіру  саясатқа  айналған тұста Марат  Бәйділ­дә­ұлы тың  ойлар  айтудан  тайсақтамай,  ойын ашық білдірді. Ашық қарсылық ретінде партиялық билетін өз еркімен тапсырып, өмірін ұлт мүддесіне қарай бағыттады. Сол тұстағы  «Жетісу», «Ха­лық  кеңесі»,  «Заң», «Заман-Қазақстан»  газет­терін  қараған адам  оның  публицисти­калық  мақалаларынаноның күрескерлігін  көретіні анық.

Сапаны арттыру үшін бүкіл редакция, журналистер қосыны жаппай жаңарып өзгергенде ғана журналистика өзінің тұғы­рына қонатыны айқын. Кейінгі  жылдары нарықтың заңдылығына сай әлемде олардың  қатары  біршама оңтайланды. Соның салдарынан мерзімдік басылым­дардың бірқатары жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болды.  Біразы интернет-ресурсқа айналды.

Ақпараттық-коммуникациялық техно­логиялардың қанат жаюы масс-медианың алдына жаңа талаптар қоя бастады. Қолында смартфоны бар, әлеуметтік желіге тіркелген кез-келген адам қазір ақпарат құралдарының салмақты бәсекелесіне айналды. Дәл осы қысталаң кезде ол ақпарат айдына «Президент және  халық» газетін  алып шығып, оны халықтың  ашық трибунына айналдырды.

Бүгінгі таңда журналистика аралас­пайтын сала жоқтың қасы. Цифрлы техно­логияның қарыштауының арқасында ақпарат саласында      медиа-этика туралы дабыл қағатын кезең туды.         Бұрмаланған ақпараттың қоғамға, халыққа теріс             әсері байқалуда. Фейк жаңалықтардың түрлі жолдармен тасқындап таралуы кәсіпқой журналистердің беделіне нұқсан келтіріп жатыр. Оның барлығы да жаңа техноло­гиялар арқылы іске асуда.

Әркімнің өз пікірі бар. Әйтсе де, журналистер әлемдегі ең бейтарап халық болуы шарты бар. Журналист билікке де арқа сүйемеуі керек, оппозицияны да жақтамауы  тиіс, халыққа шынайы ақпарат жеткізуге міндетті.  Өткен аптаның соңында Марат Тоқашбаев өз әріптестері  арасына осы мәселелерді талқыға салып, әріптестерін ашық пікірге шақырды. Қаламдас аға әріптестің 70 жылдық айтулы мерекесіне орай өткізілген ғылыми-практикалық конференция  бүгінгі  қазақ журналистикасының барар бағытын айқындау жолында пікір алысқан пайдалы әңгіме  алаңына  айналды.

Тақырып аясында шығып сөйлеген спикерлер конференцияны қазақстандық журналистер форумының моделіне айналдырып, бүгінгі журналистердің қоғамда алып отырған рөліне тоқталды.

Абсолютизмді жақтаушылар бүгін сөз бостандығын баспалдақтың үстінде тұрған жұмыр допқа теңейді. Егер доп бір саты төмен құлдиласа, тоқтаусыз домалап, әп-сәтте соңына дейін жеткен болар еді. Дәл сол  секілді сөз бостандығы бірретшек­телсе, ақыр аяғында  ол  тиранияға әкеп  соғуы әбден мүмкін. Конференция тағылымы осыған  тірелді.

Бүгінде  «Креативті тап» деген ұғымға синоним жоқ. Өйткені, бұл термин  жастардың еншісінде, оны жаңа ұрпақпен ғана байланыстыруға болады. Ғалымдар алдағы 10  жылдың ішінде болатын өзгеріс­тер бұған дейінгі 200 жыл уақытта болатын өзгерістермен тең дегенді айтады. «Креативті тап» дегеніміз – батыл адамдар. Бастамасын батыл түрде ұсына алатындар. Мұндай тап әзірге Қазақстанда жоқ деушілер бар. Сол адам кешегі конферен­цияға қатысар болса, ол ойынан айныған болар еді.  Ол конференцияда көрініс  тапты. Конференцияда сөз алған  спикер­лер журналистиканың кешегісі мен бүгінгісін салыстыра отырып, мереке иесінің осы жолдағы жанкештілігі мен мамандыққа адалдығын паш етті.

«Ұлтшылдық» пен «ұлтжандылық» дегеннің шын мәнінде айырмасы жоқ. Дүниежүзілік деңгейдегі «национализм» деген ұғым мен кеңестік дәуірдегі «национализмнің» мағынасы екі түрлі. Батыста бұл – ұлт мүддесі туралы ілім, ал кеңестік кезеңде ол – бір ұлтты артық қойып, өзге ұлттардың мүддесін шектеу сияқты көзқарастың шектен шыққан түрі. Біз «ұлтшылдық», «ұлтжан­дылық» ұғым­дарының ара-жігін ажырату үшін бөліп қолданып жүрміз. Ұлыларымыз айтқан рухани дамыған адам болу, Абайдың «толық адамы», әл-Фарабидің «қайырымды адамы», Шәкәрімнің «ар-ұжданы бар адамы» дегені ең биік адам. Конферен­цияда сөз сөйлеушілер  Марат Бәйділ­дәұлын осы қатардан  көрінетінін дәлелді сөздерімен жеткізе  білді. Жеке адам руха­ни жағынан жетілмей, қоғам дамымайды. Ұлт туралы,   қоғамның болашағы туралы қара түнекті  төндіріп,  жамандық іздеп, әр түрлі сөйлей  беретін  адамдар да бар. Бұл – өзгерістерді байқай алмайтын, қабылдай алмайтын топтың пікірі.

Адам жақсылықтарды көре білуі қажет.  Сәл де болса, ілгерілеушілікті байқап, ертеңге сеніммен қарауда сергектік те қажет. Жеке амбициялардың айтысынан ұлтқа ешқандай пайда келмейді. Керісінше, бізге дүниетанымдық кеңдік пен өзара түсіністік керек. Демек, қоғамымыздың жетілу тетіктерін біріге отырып іздеуіміз қажет.

Жалпы, демократиялық қоғамда «интеллигенцияның салмағы жоғалып, интеллектуалдардың беделі артады» деген ауызекі қағида бар. Бұл бір жағынан асыра айтылған тұжырым болғанымен, нақты өмірде осы қағиданың растығын дәлел­дейтін құбылыстар көптеп байқалады. Мәселен, өткен  замандағы интеллигенция қоғамда болып жатқан кез-келген салаға, кез-келген оқиғаларға тікелей араласып отырды. Бір кездегі Алаш азаматтары ғылым мен өнерді қатар игеріп, нақты мамандықтан гуманитарлық салаға, одан билік істеріне батыл араласты. Әріптестері Марат  Тоқашбаевты осы  қатардан көре­тін­дерін айтып, оның азаматтық  көз­қарастарын өзгелерге үлгі етті. Жұрт­шылық зиялы деген ұғымныңқатарына негізінен, халықтың сөзін сөйлейтін адамдарды жатқызады. Қалай дегенмен, зиялы ұғымы – адамның білімінің дең­гейіне ғана емес, сол білімнің әр түрлі жолдармен қоғамның игілігі үшін жұмсалуына қарай телінеді. Қазақстанның ғылыми-интеллектуалдық, еңбек ресурсы мол болғанына қарамастан қоғамдық күшіміз тым шашыраңқы. Сондықтан қоғамдық қозғаушы күшті жоспарлы жалпыұлттық жобаларға бір кісідей жұмылдыру арқылы айтарлықтай нәти­желерге қол жеткізуге болатыны да спикерлердің назарынан тыс қалмады.

Интеллектуалдық  капиталды қалып­тастыру біздің алдымыздағы басым міндеттердің бірі. Интеллектуалдық капи­талды қайтіп арттыра аламыз? Бұл, ең алдымен, адами ресурстарға, адамдардың физикалық және психологиялық салауат­тылығына байланысты.  Әлемде өзімізді танытып, мойындату үшін жоғары білімді, білгір мамандар даярлаумен қатар тұлғалық қасиеті кемелденген азаматтарды қалып­тас­тыру арқылы интеллектуалдық ұлтқа айналуымыз қажеттігі де өткір айтылды. Қазіргі кезде патриоттық  тәрбие, жалпы тәрбие жүйесі өзекті мәселелердің бірі ретінде көтеріліп отыр. Дегенмен, тәрбие­дегенде адамның іс-әрекетінің ерекше бір саласы немесе белгілі бір  ережелерге негізделген  өсиеттердің жинағы деп қарастыруға  болмайтыны да мысалға алынды.

Тәрбие – перманентті процесс. Өмір есігін  ашқан әрбір адам мәдени ортада өмір сүреді, қоғамда азамат, жеке тұлға ретінде қалыптасады.  Конференцияға  қатысушылар   Марат  Тоқашбаевтың осы қатардан көретінін білдірді. Конферен­цияда Марат Тоқашбаевтың публицис­тикалық бірнеше кітабының тұсауы кесілді. Конференцияға республикамыздың әр аймағынан келген зиялы қауым өкілдері, ғалымдар мен дін өкілдері  қатысты.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *