ЖАҒАЖАЙ ВОЛЕЙБОЛЫ ДА ЖАТ ЕМЕС

Қазақстандықтар Әлемдік турда тарихи жеңіске қол жеткізді

Жағажай волейболынан Иран елінде өткен Каспий сериясына кіретін үшінші World Tour турнирінде қазақстандық жұп Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко тұңғыш рет ел қоржынына алтын жүлде салды. Бұл туралы Қазақстан ұлттық құрамасының және «Буревестник» командасының бас бапкері Денис Ровкин айтып берді. 

– Сидоренко мен Дьяченко еліміздің үздік волейболшылары және олар Иранда ең дәрежелі турнирді жеңіп алды. Ақтық бәсекеде жерлестеріміз соңғы Азия чемпионатының күміс жүлдегерлері Иран командасымен кездесті. Жалпы алғанда, біздің спортшылар турнирді жақсы бастап, тарихи жеңіспен аяқтады. Бұл жәйт әлемнің ең мықты командалары үшін тосын сый болды.

– Волейболдан Каспий сериясына кіретін үшінші World Tour турнирінде Дьяченко-Сидоренко жұбынан басқа да қазақстандық волейболшылар ел намысын қорғады. Оларды қалай бағалайсыз?

– Сіз айтып өткен спортшылар құр­лықтық жағажай волейболының көшбас­шыларының арасында бұрыннан бар және біздің спорттағы элита. Алексей Кулешов пен Артем Петросяндар ширек финалға шықты, бірақ өкінішке қарай, олар ирандық Салеми-Вакели жұбынан 12:21, 19:21 есебімен жеңілді. Ал біздің басқа жұпымыз Сергей Богату мен Дмитрий Яковлев ойындарға шығу кезеңіне жолдама алды, бірақ жартылай финалда олар Дья­ченко-Сидоренко жұбымен кездесті. Бұл ойын қызықты өтті. Тартысты кездесуде жас спортшылар еліміздің маңдайалды волейболшыларынан 19:21, 21:23 есебімен жеңілді. Осының арқасында олар әлемдік жарыста тәжірибе жинап қайтты. Қазіргі таңда Алматыда, Ақтауда осы спорт түрі қарқынды дамып келеді. Алматы қаласының Денешынықтыру және спорт басқармасы бізге көмектеспесе, осындай жетістіктерге қол жеткізе алмас едік.

– Волейболшылар 2018 жылдың аяғына дейін қандай жарыстарға барады?

– Алматыда қарашаның 1-і мен 5-і аралығында «Буревестник» спорт клубының жүлдесіне арналған турнир өтеді. Қазақ­стандық командалардан басқа, волейбол бәсекесіне көрші елдердің клубтары қатысады деп күтілуде. Менің ойымша, бізде өте қызықты турнир болады, ол отан­дық ойыншыларға тәжірибе жинауға және техникалық және тактикалық дағдыларын жақсартуға мүмкіндік береді. Келесі жылы Олимпиадалық жылда біз барлық жоспарланған жарыстарға қатысуға және 2020 жылы Токиода өтетін төртжылдықтың басты додасына жолдама алуға тырысамыз.

Айдана ӘДІЛБЕКОВА,

Алматы қаласы ДШжС басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *