Жаңашыл жобаларға жол ашық

Алматыда стартап-жобалар жүзеге асатын бизнес-инкубатор ашылды

img_6778-1

«Тұран» университетінің соңғы уақытта инновациялық-кәсіпкерлік бағытқа бет бұрғанын айта кету керек. Бұл  Прези­дентіміз Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам. Баршаға ортақ дамыған мемлекет» бағдарла­масына сай келеді. Университет ұжымы «Ортақ еңбек қоғамы» идеясын жүзеге асыру ұлттық жобасының белсенді қатысушысы болып отыр.

Нұрлан СҮЙІН

Бүгінгі таңда Елбасы тапсырмасына орай елдің индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында жастардың жаңашыл, стартап-жобаларына қолдау көрсету жан-жақты қолға алынған. Осы бағытта елдің банк-қаржы секторы, «Даму» қоры шағын және орта бизнесті несиелеуді жолға қойған.

Алматы қаласының әкімдігі де 7 басым бағытқа негізделген «Алматы-2020» бағдарламасына сай шаһардың дамуына үлес қосатын бизнес-идеяларды түрлі конкурстар, бәйгелер арқылы қолдауда. Алматы қалалық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы осы бағытта біраз жұмыстар жасап отыр. Жуырда Алматыда стартап-жобалардың жүзеге асуына арналған бизнес-инкубатор ашылып, онда жастардың жаңашыл идея-жобаларының өміршең болуына мүмкіндік туып отыр.

«Тұран» университетінің 7 стартап-жобасы жаңа бизнес-инкубаторда жүзеге асу мүмкін­дігіне ие болды. Олар – 500-ден астам студент қатысқан конкурс­тың жеңімпаз жобалары. Енді бұл стартап-жобалардың жүзеге асуына толықтай жабдықталған орындар беріліп, старттық капи­тал бөлінеді. Енді жаңа бизнес-инкубаторда медиа-лингвистика мәселелеріне арналған «Turan-lіngua» зертханасы, 3 D форма­тындағы видеоөнім шығаратын «Sіlence dіgіtal Turan» орталығы, «Turan Consultіng» заңгерлік клиникасы, «Turan Prohostel» студенттерге арналған хостел (қонақ үй) жұмыс істейтін бо­лады. «Turon Spro» сублима­циялық өнімдер өндірісі, «Turan Nomads» туристік фирмасы және «Actіon» ойын режиссурасы шеберханасы да өз жұмыстарын жаңа бизнес-инкубаторда бастай­ды.

– Біздің жобамыз әлеуметтік әлсіз топтағы тұрғындарға, биз­несті енді бастаған кәсіпкерлерге заңгерлік қызмет көрсетуге арналған. Біз қазір 12 жоба бойынша жұмыс істеп жатырмыз, оған келісім-шарт жобалары, заңдық шешімдер кіреді. Бұдан өзге, клиенттерді азаматтық істер бойынша сотқа дейін толықтай апаратын заңгерлік қызметпен айналысқымыз келеді, – дейді 3-курс студенті, заңгерлік клини­каның кеңесшісі Әлібек Қаниев.

«Тұран» университетінің соңғы уақытта инновациялық-кәсіпкерлік бағытқа бет бұрғанын айта кету керек. Бұл ҚР Прези­денті Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам. Баршаға ортақ дамыған мемлекет» бағдарла­масына сай келеді. Университет ұжымы «Ортақ еңбек қоғамы» идеясын жүзеге асыру ұлттық жобасының белсенді қатысушысы болып отыр. Жоба «100 нақты қадам» бағдарламасының 88-қадамында жазылғандай, «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдар­ламасы жоспарын жүзеге асыру жобасына сәйкес, индус­триялан­дырудың екінші бес­жылдығында, қазақстан­дықтар­дың жекелеген жеңістерінің (еңбек, кәсіпкерлік, ғылым-білім, басқа да кәсіби салалардағы) тарихы негізінде жүзеге асуда.

Қазақстанның кәсіпкерлік, ғылыми-инновациялық орталығы Алматыда ашылған бизнес-инкубаторда жастардың жаңа­шыл стартап-жобаларының жүзе­ге асуына жол ашылып отыр.

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *