ЖАҢАДАН САЛЫНҒАН АСФАЛЬТ БАЛҚЫП КЕТТІ

Алматыда қазір күн райы тым ыстық. Содан да Тимирязев көшесіндегі асфальт жолдың беткі төселімі балқып жатыр. Ал жергілікті билік қоғамдық көліктерге арналған жолақтың не себепті еріп жатқанын анықтауға кірісіп кетті.

Бұл орайда, тиісті қызмет асфальттан сынама алып, арнайы зертханада тексеріс жұмыстарын бастап кетті. Сөйтіп, сарап­тама қорытындысынан кейін тиісті шара­лар асфальтті салған мекеменің қаражаты­мен жүзеге асатын болады. Десек те, аялдама жанындағы ойдым-ойдым жол бөліктерінің үсті  қазіргі таңда  ашық күйінде жатыр. Ал оның жанымен жолау­шыларға лық толы автобустар арлы-берлі жүйткіп жүр.

Атап өтетіні, осы көшедегі автобустарға арналған БРТ желісі өткен жылы ғана іске қосылған еді. Мақтаулы жолақ Тимирязев көшесінің бойымен Байтұрсынов пен Байзақов көшелерінің аралығында салын­ған. Ал тек бір ғана көшенің құрылыс жұмысына жергілікті бюджеттен 4 млрд. 200 млн. теңге жұмсалып жатыр.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *