ЖАҢА ЖЫЛ АЛДЫНДАҒЫ АРЗАНШЫЛЫҚ

Алматының сауда желілерінде 60 пайызға дейінгі жеңілдік акциясы басталды.

img-20150227-wa0014

Жаңа жыл алдындағы, негізінен, азық-түлік тауарлары бағасына жеңілдік жасау Алматы қалалық кәсіпкерлік және индус­триалды-инновациялық даму басқарма­сының сауда желілері басшыларымен жүр­гізген келісімдері негізінде жүзеге асуда. Алматы қаласы сауда желілерінің жаңа жыл қарсаңындағы акциясында тауарлар бағасы 19 пайыздан 60 пайызға дейін төмендетілген.

Жаңажылдық акцияға Алматыдағы 13 сауда желісіне қарасты 120 дүкен қатысып отыр. Дүкен сөрелеріндегі арзандатылған 150 түрлі тауардың дені – азық-түлік өнім­дері. Мысалы, «Магнум» супермаркеті 42 түрлі тауарға жеңілдік жасап отыр. Ак­цияға дейін келісі 89 теңге болған қазақ­стандық картоп жеңілдікпен 65 теңгеге сатылуда. «Маслозавод №1»-дің 5 литрлік сұйық майы жеңілдікпен – 1849 теңге, «Адал» қаймағы – 255, «Жайлау» сары майы – 89, «Сава» сервелат шұжығы – 629 теңге. «Магнум» супермаркеттерінде осындай тағы басқа да жеңілдіктер бар.

Ал «Carrefour» супермаркетінде азық-түлік, текстиль, тазалық өнімдеріне 58 пайызға дейін жеңілдік жасалып отыр. «Реалист» сауда желісінде 19 пайыздан 45 пайызға дейін жеңілдік жасалған. «Рам­стор» сауда желісі болса «демалыс күнде­рін­дегі» жеңілдік қалыптастырған. Алматы­лықтар сенбі, жексенбі күндері «Рамсторда» 50 пайыз жеңілдікпен сауда жасай алады.

Қазақстанның ең үлкен мегаполисінің сауда желілеріндегі жеңілдіктер акциясы, негізінен, отандық өнімдерге тән. Алма­тылықтар дастарханы өз азық-түлігімізге толы болсын.

 

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *