ЖАҢА ЖОЛАЙРЫҚТАР ҚҰРЫЛЫСЫ КЕЛЕР ЖЫЛЫ БАСТАЛАДЫ

90Алматыда келесі жылдан бастап, екі жаңа жолайрық құрылысы басталады. Соның арқасында бірқатар көшелердің көлік өткізу мүмкіндігі жақсарады. Алматы қаласы Жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасы хабарлағандай, жаңа жолайрықтар Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысы және Рысқұлов даңғылы мен Құлжа құба жолының қиылысында салынады деп жоспарланып отыр. Бұл құрылыс жұмыстары біткен соң, жолайрықтар көлік қозғалысын орта есеппен 18 пайызға жеңілдетуге мүмкіндік береді.  

Сондай-ақ, алдағы құрылыс жұмыстары барысында Фурманов көшесін темір жолдардың үстімен эстакада арқылы Жансүгіров көшесіне дейін жеткізу көзделіп отыр. Ал, бұл қаланың орталық бөлігіндегі көлік қозғалысын 20 пайызға жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, әл-Фараби даңғылын қайта құру жобасы қала тұрғындарының талқылауына берілді. Бұл туралы  әлі түбегейлі шешім қабылданған жоқ.

Биыл қыркүйек айында Рысқұлов даңғылы мен Саин көшесінің қиылысындағы көлік жолайрығын қолданысқа беру жоспарлануда. Бұл осы учаскенің көлік өткізу мүмкіндігін 15 пайызға арттыратын болады.

Ал, Солтүстік айналма жолы мен Бөкейханов көшесінің қиылысында салынып жатқан жолайрықты биылғы желтоқсанда қолданысқа беру жоспарланған. Сарапшылардың айтуынша, бұл көліктердің солтүстік бағыттағы қозғалысын 16 пайызға арттырмақ.

Айта кетсек, биыл Төле би көшесі Шығыс айналма жолына жалғанды. Осы жобаның арқасында Райымбек даңғылы мен Сүйінбай, Фурманов және Қонаев көшелерінде көлік қозғалысы кем дегенде 20 пайызға жеңілдеді. Жалпы, Алматыда 2001 жылдан бері 300 миллиард теңгеге 28 жолайрық  салынды.

 

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *