ЖАҢА ТОРАП АШЫЛДЫ

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ 3-ЭТА-да Алматы қаласы мен Наурызбай ауданы әкімдігінің өкілдер, Алматы өңірінің энергокешені мен ардагер-энергетиктердің қаты­суымен жаңа әкімшілік ғимараттың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

210 шаршы метр аумағында жаңадан салынған екі қабатты ғимаратта тұтынушыларға қызмет көрсетуге арналған пункт, ЭТА қызметтері, сондай-ақ, заман талабына сай жабдықталған және нақты уақыт режимінде барлық электр жеткізу желілері мен трансформаторлы қосалқы стансалардың жағдайы туралы мәліметтерді көрсететін диспетчерлік қызмет орналасқан.

Құрылыс кезінде жетілдірілген энергиялық тиімді технологиялар мен материалдарды қолдану арқылы қызметкерлер мен тұтынушылар үшін қажетті жағдайлар ескерілді. Мысалы, осылай мүгедек-тұтынушыларға қызмет көрсету бойынша жағдай жасау ескерілген.

Қазіргі таңда 3-ЭТА 4967 шаршы км. қызмет көрсету аймағында 11 862 тұтынушы бар. Олардың 11 241 д.ш. – жеке меншік сектор және 621 шарт – заң секторы, электр жеткізу желілерінің ұзындығы 10кВ-ӘЖ 115,02 км., 10кВ-КЖ – 16,746 км. және 0,4кВ-ӘЖ – 205,50 км. құрайды.

Наурызбай ауданында №3 электр тораптары ауданының жаңа әкімшілік ғимаратының ашылуы – «Алатау Жарық Комапниясы» АҚ жүргізіп жатқан модернизациялау бойынша, елеулі жұмыстың бөлігі болып табылады.

Аталмыш шешім әр түрлі жағдайларда жедел әрекет етуге және  қолданыстағы қорларды барынша тиімді пайдала­нуға мүмкіндік береді.

 

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *