«Жаңа толқын» халықаралық байқауын өткізуге үміткер

Татарстан жас орындаушылардың «Жаңа толқын» халықаралық байқауын Латвиядан Қазанға ауыстыру үшін дауыс жинап жатыр.  Мемлекеттік кеңестің депутаты Николай Рыбушкиннің айтуынша, байқау мекенін ауыстыруға байланысты ел арасындағы дауыс жинау 5 желтоқсанға дейін жалғасады. Содан кейін петицияны Ресей президентіне жолдайды. Сонымен бірге, конкурстың ауысуы үшін «new-wave-kazan.ru» сайты арқылы да  виртуалды дауыс беруге болады. Осыған дейін Қазан қаласының мэрі Ильсур Метшин байқауды ауыстыру жөнінде айтқан болатын. Ол РФ мәдениет министрі Владимир Мединский мен байқаудың президенті Игорь Крутойға осы мәселеге орай үндеу де жолдаған екен.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *