ЖАҢА КӘДЕСЫЙЛАР ТҰСАУКЕСЕРІ

«ӘДЕМІ-АЙ»  компаниясы:

18 қазан күні «Әдемі-Ай» өнер үйінде (Алматы қаласы, Шевченко көшесі «133/б» үй, Байзақов  көшесінің қиылысы) танымал топтамашы-этнограф, Қазақ ұлттық кәдесыйларын жасап шығаратын «Әдемі-Ай» компаниясының президенті, 100 жаңа есім жобасының жеңімпазы, Қазақстандағы түркі халықтарында сирек кездесетін алтын және күміс бұйымдары мұражайының бірден-бір иегері Бахаргүл Төлегенқызы басқаратын компанияның жаңа кәдесыйлар топтамасының  тұсаукесері  және мыңнан аса тарихи құнды ұлттық жәдігерлеріміз жинақталған жеке көрмесінің жаңа бұйымдарының көрсетілімі өтеді.

Шара мақсаты – Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасы аясында жас ұрпаққа қазақтың ұлттық өнерін дәріптеу. Ұлттық кәдесыйларымызды қазіргі заман талабына сай жаңғырту. Сондай-ақ, Бахаргүл Төлеген­қызының өнегелі өмір баспалдақтарын, рухани құндылық­тарымызды жаңғыртуда жасап жатқан жұмыстарын жастарға үлгі ету.

«Әдемі-Ай» ұлттық кәдесыйлар  компаниясы 2000 жылы құрылған.  Бүгінгі таңда Қазақстанның барлық қалаларында өз бөлімшелері ашылған, мемлекеттік органдармен, жеке ұйымдар, компаниялармен тығыз байланыс орнатып, еліміздің сувенир нарығында көшбасшы атанып келеді.

 

                «АҚШАМ-АҚПАРАТ».

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *