ЖАҢА ФОРМАЦИЯНЫҢ ЖАҢАШЫЛ БАСШЫСЫ. ОЛ ҚАНДАЙ БОЛУЫ КЕРЕК?

img-php

Амалбек ТШАНОВ,

Республикалық спорт колледжінің директоры, педагогика ғылымдарының докторы

Жаңа формацияның шаһар басшысы. Ол қандай болуы керек? Бұл сұрақ бекер туындап отырған жоқ. Бұған Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің тұрғын­дармен өткізген есепті кездесуі  себеп болып отыр. 

Үлкен қаланың немесе об­лыс­тың бірінші басшысы айна­ла­сындағы сан сұрақтар тек саяси сараптамашыларды ғана емес, елдің қарапайым азаматта­рын да қызықтыра­тыны сөзсіз. Бұны уақыт ырға­ғынан, қауым­ның көңіл-күйі­нен байқауға болады. Бұлар бүгінгі шынайы заманның тара­зысы іспетті. Мені, қала әкімі, облыс басшысы, ҚР құрылыс министрі, Мәжіліс депу­таты болған, ең ақыры спорт сала­сының маманы ретінде жүрген азаматты кадр саясаты ешқашан да бей-жай қал­дырған емес. Әсіресе, Аста­на және Алматы қалала­рының, облыс орталықтары­ның басшыларын тағайында­ғанда және олардың жұмыс барысын ұдайы қадаға­лап отыруға тырысамын.

Біздің шаһарға Бауыржан Байбектің әкім болып келуін де бұқара біржақты қабыл­дады деуге келмейді. Түрлі ой-пікірлер болғаны рас. Бірақ, шаһар басшы­лығындағы бір-екі жылда Б.Байбек пен оның командасы аз тірлік бітірген жоқ, мега­полистің даму қар­қыны осыны көрсе­тіп тұр. Қаланың 2016 жылдағы әлеу­меттік-экономикалық жетістік көрсеткіш­тері де осының айға­ғындай.

img_0419

Б.Байбек 20 ақпан күні өткен есептік кездесуінде алма­тылық­тарға атқарылған істер мен жа­қын уақытта жаса­латын жұмыс­тар жайын­да жан-жақты баян­дап берді. Маған ұнағаны, біраз тірліктер тын­дырылса да, әкім баянда­ма­сында масат­тану бай­қалған жоқ. Ол өз баяндамасын жа­сағанда асқақтатып, ұрандау­ды жөн көрмепті. Қазіргі кезде көп басшылар өздері жасаған түймедей нәрсені түйедей етіп көрсетіп, баршаға  жар сала­тыны өтірік емес. Бұл баяғы партиялық жүйеден қалған ескі мұра. Ал Алматыдағы әкім­нің есеп беру кездесуіне келсек, бұрын қала мэрі болған маған форумның іскер­лік жағдайда өтуі ұнады. Ақпараттардың тереңнен алы­нып, тиянақты берілгені, халық­пен парасатты сөйлесу жиын бойына сезіліп тұрды. Бұл енді бүгінгі заман талабы мен үрдісіне сай келеді. Себе­бі, осындай белгілі бір про­токол шеңберіндегі ресми кез­десулер көп жағдайда басшы мен бұқараның өзара түсініс­ті­гінде өте бермейді. Ал бұл жиында әкім аудитория наза­рын өзіне аударып, «2020» Даму бағ­дарла­масының мағы­на­сын аша білді. Бағдарла­ма­ның жеті басым­дылығын атап көрсетті. Осы басымдылық­тарға біздің өміріміздің басты мәселелері кіретінін түсін­дірді. Бұлар – қауіп­сіздік, көлік, экология, абаттан­дыру, қолжетімді баспа­на, инфра­құрылым және эко­номика. Бұл өте дұрыс болды. Біз әлеу­меттік мәселелерді шеш­пей, әлемнің үздік отыз  мем­лекетінің қатарынан көріне алмаймыз. Ал бұл Мемлекет басшысы алға қойған мін­дет. Сол себепті де барлық дең­гейдегі басшылардың жұмыс­тарында жаңаша форма, өз міндеттеріне деген жаңашыл жауапкершілік болуы қажет. Алматы басшылығы біртіндеп осындай жүйелі жолға түсіп жатқандай.

Маған шаһардың жас басшы­­сының елдің ең үлкен мегаполисінің барлық мәсе­лелерін біліп, қай саладағы да өзекті сұрақ­тарды меңгергені ұнады. Және қай сұраққа да түсінікті де толықтай жауап берді. Залдан қойылған әрбір сұрақ қоюшы тұщымды жауап алып жатты. Және әкімнің жауап­тарынан халықтың тағ­дырына жеңіл қарай алмай­тыны сезіліп тұрды. Осы жер­де біраз басшыларға осындай шынайылық пен адам­гершілік жетіспейтінін де айта кету керек.

Жалпы, өзіңе және айна­лаң­дағыларға талап қоя білумен қатар, жан дүниеңнің мейірімді болғаны да абзал. Ал бұл бүгінгі қоғамның ең бір әлсіз жері. Халықтың мойын­дауы ел билігінің көтерме­леуінен, орден, медальдармен марапаттаудан әлдеқайда жоғары, әлдеқайда қымбат. Мен қала әкіміне осындай табыс тілегім келеді.

Алаш атын аспандатып, дүркіреп өткен Бүкіл­әлем­дік Универ­сиа­дадан соң, өткен жылда ұйымдасты­рылған басқа да кешенді іс-шаралардан соң, біздің қала шын мәнінде республи­каның мәдени, спорттық, экономика­лық орталығына айналды. Не айтатыны бар, шынында да мегаполис заманға сай тірлік кешіп қана жатқан жоқ, қар­қынды түрде түрленіп келеді. Егер Алматының даму кар­та­сына қарайтын болсақ, қала шаруа­шылығының барлық жағынан ілгерілеп отырғанын байқауға болады. Мысалы, 2015 жылмен салыстыр­ғанда, мектепке дейінгі мекемелер саны көп өскен. Бұрын 401 болса, бүгінде – 560. Жол-көлік инфра­құрылымы, инже­нерлік желілерді қайта жарақ­тау, абаттандыру мен тұрғын үй құрылысы, мәдени-тұрмыс меке­мелерін салу, басқа да көптеген салаларда көз көретіндей оң өзгерістер бар. Дағда­рысқа қарамай, қарқын­ды өсу көрсеткіші өнді­рісте, көтерме және бөлшек сауда айналы­мында, тұрғын үй құры­лысында, байланыс қыз­меттерінде, т.б. өріс алып отыр. Бұл, әрине, қуантады. Яғни, шаһар басшылығы нені және қалай жасау қажет еке­нін біледі деген сөз. Жұмысқа, мәселелер тұрғысы­нан, әсі­ресе, әлеуметтік мәселе­лерге осылай келуі оларды жаңа форма­циядағы басшы­лар деп атауды міндет­тейтіндей. Бола­шақ солардың қолында. «Бір­лік бар жерде – тірлік бар» дейді халық даналығы. Біз ортақ күш-жігермен ғана елімізді экономикалық қуат­ты, алпауыт мемлекетке айнал­дыра аламыз.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *