Жаңа депутаттар жұмысына кірісті

Алматы қалалық мәслихатының кезектен тыс ХХХVІ сессиясы өтті

31 қазан күні өткен VІ шақырылымдағы Алматы қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында күн тәртібіне төрт мәселе шығарылды. Олардың бірі «Алматы–2020» даму бағдарламасы туралы шешімге кейбір өзгешеліктер енгізу болса, бірі «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің табиғи аумақтарын пайдалану төлемақысын бекіту туралы болды.

 Нұрлан СҮЙІН

Ал күн тәртібіндегі тағы бір мәселе, VІ шақырылымдағы Алматы қалалық мәслихаты тұрақты комиссияларының мүшелерін сайлау туралы шешімге толықтырулар мен өзгерістер енгізу болды.

Сессияның күн тәртібін талқылау алдында Алматы қалалық мәслихатының хатшысы Қалдыбай Қазанбаев шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайланған үш жаңа депутатты әріптестеріне таныстырып, оларды жаңа депутаттық жұмыстарымен құттықтады. Жаңадан сайланған әріптестеріне депутаттық төсбелгілер тапсырды. Әріптестер де су жаңа депутаттарға халық игілігі үшін жасалатын жұмыста табыс тіледі.

Депутаттар «Нұр Отан» партиясынан ұсынылған. Жаңадан сайланған депутаттар Асхат Шілікбаев, Гүлнас Ахметова, Михаил Грачевтар «Нұр Отан» фракциясы сапында жұмыстарын бастады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *