Жаңа биік белестерге бастайды

Алтынбек ҚОРАЗБАЕВ, Қазақстанның Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері:

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы Тәуелсіз Қазақстанды жаңа биік белестерге бастайды. Тәуелсіз қазақ елі дамудың жаңа бір дәуіріне қадам басты. Жаңа көкжиекке шыққан Тәуелсіз Қазақстан әлемдік саясат сахнасындағы жетістіктерімен жер-жаһанның назарын аударып келеді. Мемлекет басшысының тағылымы мол, танымы терең тарихи құжаты жаңа да жарқын ойларға жетелейді. Бүгінгі жылдардың бигінен қарағанда, жаратылыстағы өмірдің ағысына, уақыт керуеніне ілесіп келетін Қазақстанның уақыт айдынында желкенін жайып, алға қарай жүзіп келе жатқанының өзі үлкен жетістік. Бұл мемлекетте жүргізіліп жатқан саясатқа қатысты екені күмәнсіз.
«Елбасы ұсынған 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясына және Ұлт Жоспарына сәйкес бірқатарқұрылымдық міндеттерді іске асыруымыз керек» деп атап көрсеткен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында Қазақ елін дамытуға бағытталған Жолдауында өткір де өзекті бірқатар мәселелер айтылған.
Еліміздегі туризм саласын дамыту мәселесіне тоқталған Мемлекет басшысы Алтын Орданың 750 жылдығын тарихымызға, мәдениетімізге, табиғатымызға туристердің қызығушылығын оятатындай тұрғыда атап өту туралы ой-пікірін білдірді. Парасатты пікір. Бұл жаһан жүзіне ұлтымызды ұлықтаудың, Қазақ елінің абыройын асқақтатудың, тағылымды тарихын насихаттаудың тамаша көрінісі болмақ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *