Жаңа бағдарламалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Айкерім РАЙЫСҚЫЗЫ

 

Жылдың басынан бастап республикада көктемгі-дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін «ҚазАгроҚаржы» АҚ аграршы­ларға 13,6 млрд. теңге сомасына 1000 бір­ліктен астам ауыл шаруашылығы техникасын лизингке табыс етті. Бүгінгі таңда «ҚазАгро» ұлттық холдингі құрылымындағы компания­мен 7,2 млрд. теңге сомасына 397 өтінім мақұлданған. Бұдан басқа, 6,2 млрд. теңге сомасына 303 өтінім қаралу үстінде.

Фермерлер мен агроқұры­лым­дардың арасында «Сенімді фермер» және «Өз жем-шөбіміз» деп ата­латын жаңа қаржыландыру бағдар­ламалары барған сайын әйгілене түсуде. Тек қана соңғы айдың ішін­де осы бағдарламалар бойынша 232,7 млн. теңгеге өтінім келіп түскен.

Қазіргі уақытта «Сенімді фер­мер» бағдарламасы бойынша «ҚазАгро­Қаржы» АҚ фермерлерге жиынтық құны 105, 8 млн. теңгеге ауыл шаруа­шылығы техникасын лизингке  табыс етті. Ал «Өз жем-шөбіміз» бағдар­ламасы бойынша отандық аграршы­лар 84,4 млн. теңгеге ауыл шаруа­шылығы техни­касын ендігі лизингке алып та қой­ған. Өтінімдер әлі де болса қабыл­дануда.

Естеріңізге сала кетейік, ағым­дағы жылдың сәуір айында «Қаз­Агро» ҰБХ» АҚ еншілес компа­ниясы – «ҚазАгроҚаржы» АҚ азық-түлік желісін кеңейтіп, «Сенім­ді фермер» және «Өз жем-шөбіміз» деп аталатын арнайы жаңа бағдар­ламаларын іске қосты, соны­мен қатар стандартты қар­жы лизингі талаптарына өзгер­тулер енгізді.

«Сенімді фермер» бағдарламасы ауыл шаруашылығы техникасын лизингке аванстық төлем төлемей алу мүмкіндігін береді. Бұл бағдар­ламаны «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның қолданыс­тағы тұтынушы­лармен қатар, бұрын қаржылан­дырылған тұтынушылары да пайда­лана алады. Оларға қойылатын жалғыз ғана талап – бұл адал ниетті қарыз алушы өлшем шарттарына сәйкес келу.

«Өз жем-шөбіміз» бағдарламасы бойынша отандық жем-шөп өндірі­сін дамытуды қаржыландыру жүзе­ге асырылады. Жаңа бағдарламаның шеңберінде қазақстандық фермер­лер қажетті ауыл шаруашылығы техника­сын 10 жылға дейінгі мерзіммен, мөлшері 10 пайызды құрайтын төмендетілген аванстық төлеммен сатып алу мүмкіндігіне ие болады.

«ҚазАгро» сарапшыларының сөзіне сүйенсек, жаңа бағдарла­малардың енгізілуі, «ҚазАгро­Қаржы» АҚ азық-түлік желісінің кеңейтілуі, аванстық төлемнің төмендетілуі және қаржыландыру мерзімдерінің ұлғай­тылуы отандық фермерлер үшін ауыл шаруашы­лығы техникаларына және арнаулы жабдықтарға деген қол­же­тім­ділікті арттырады. Бұл, өз кезе­гінде, елі­міз­дің машина-трактор паркін жаңар­туға оң нәтиже беретін болады.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *