Жаңа автобустар жолаушысын тиеп жолға шықты

Алматы шаһары жыл санап көркейіп, кеңейіп келеді. Көркем қаланың сәніне сай қоғамдық көліктер де түгелдей жаңарып, саны да ай санап өсіп жатыр. Иә, Алматыда көлік реформасы аясында қоғамдық көліктерді жаңалау жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда.

Алматы іргесінде жатқан Талғар ауда­нынан мегаполиске күнделікті қатынайтын адам қаншама! Соны ескерген қала басшы­лығы биылдан бастап «Саяхат» пен Талғар автобекеттері арасындағы жол қатынасын қамтамасыз ететін №203 шағын автобустар шығарған болатын. Енді 15 наурыздан бастап бұл бағыт бойынша сыйымдылығы орташа жаңа автобустар жүре бастады. «Думан Транс» ЖШС ұсынып отырған көліктер саны – 15. Сондай-ақ, «Ба Ту travel компаниясы» ЖШС «Іsuzu» маркалы 50 автобус әкелді. Алматы қалалық мобильділік басқармасы өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, ең алғаш­қы кезекте «Асыл арман» және «Дария» шағынаудандарына қатынайтын №14 маршрут жаңартылады. Бұл бағытта интер­валы 8 минуттан болатын 18 автобус жүре­ді. Ал қалған көліктерді аталмыш компа­ния басқа маршруттар бойынша бөлуді көздеп отыр.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *