ЖАҢА АВТОБУСТАР БАҒЫТТАРҒА ШЫҚТЫ

2«Алматы ақшамы» газеті оқырмандарының есінде шығар, үстіміздегі жылдың 30 қаңтарында қала әкімі Ахметжан Есімов шаһардағы муни­ципалды паркке газбен жүретін 100 автобустың кілтін салтанатты жағдайда табыстаған болатын.

Қазір сол автобустар бағыттарға шыға бастады. Мысалы, өткен аптада қала тұрғындарының өтініштері негізінде қанағаттандырылған барлық жаңа автобустар жолаушылар көп жүретін №30, 32, 112, 118 және 121 секілді танымал бағыттарға және жаңадан ашылған №38, 38 «А» бағыттарға бөлініп берілді. Бұл ретте атап өтетіні, №38 және 38 «А» бағыттар, негізінен, Үлкен айналма және Шығыс айналма автожолдарын қамтитын болады. Дегенмен, бұл екеуі бір бағыт саналады, тек олар бір-біріне қарама-қарсы жүреді. Бұл туралы «Алматы­ЭлектрКөлік» ЖШС-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Жалпы, қала әкімі соңғы жылдары алдағы 2017 жылға қарай шаһардағы барлық қоғамдық көліктер экологиялық таза автобустар мен трамвай, трол­лейбустарға ауыстырылатынын үнемі айтып жүр. Осы ретте қазіргі күні Алматы қаласында сығымдалған газбен жүретін 600 автобуспен қамтамасыз етілген екі заманауи муниципалды автобус паркі жұмыс істейді. Одан басқа, мегаполисте 195 жаңа троллейбус, 17 трамвай, 10 тауда жүретін автобус және 400-дей экотакси қала тұрғын­дарына қызмет етіп жатыр.

Сөйтіп, бүгінде шаһарға жақында әкелінген 100 автобусты қосқанда, қаланың коммуналдық меншігінде экологиялық табиғи таза отын – газбен және электр қуатымен жүретін қоғамдық көліктер саны 950-ге жетіп отыр. Бұл шаһар басшысының ойлағаны толығымен жүзеге асып келе жатқанын білдіреді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *