ЖАҢА АУДАНДА ЖАҢА ТЕЛЕФОН СТАНСАСЫ

«Алматытелеком» ӨТД Алматы қаласының Наурызбай ауданында «Шұғыла» шағынауданының тұрғындары мен  «Елисейские поля» коттеджді қалашық тұрғындарына арналған жаңа сандық АТС пайдалануға берді.

Оны іске қосу, абоненттерге – қосымша сервис топтамасы (қоңырауды теру, кіріс және шығыс қоңырауларын шектеу, қоңырауды бағыттау, автоматты қоңырау шалушы идентификаторы) бар SІP-телефония, 500 Мбит/с дейінгі жыл­дамдықтағы Интернетке кеңжолақты қосылу, интерактивті  іD TV және компа­ния ұсынатын қосымша қызметтер сияқты заманауи телекоммуникация қызметтерін ұсынуға мүмкіндік береді.

Алматытелекомның өңірлік теле­ком­муникация дирекциясы Алматы және Алматы облыстарында телеком­муни­кация желілерін жаңғырту және қайта модерни­зациялау бағдарламасын жүйелі түрде жүзеге асыруда. Бүгінгі күні бұл «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында табысты іске асырылып келе жатқан филиалдың басым міндеттерінің бірі болып табылады. Заманауи техно­логиялар «Шұғыла» шағын­ауданының тұрғындарын жоғары сапалы байланыспен қамтамасыз етіп, біздің компания ұсынатын қосымша қызметтердің кең таңдауын ұсынады,  – дейді Бас директор Шерхан Раздықов.

Аймақта «АЕБ ТОБЖ» жобасы сәтті іске асырылып жатқанын, Алматы облысының 100-ден астам елді-мекенінің тұрғындарына байланыс қызметтері мен жоғары жылдамдықты интернеттің қолжетімді екендігін атап өткен жөн. Сондай-ақ, халықтың кеңжолақты қосылу қызметтеріне деген сұранысын қанағат­тандыру үшін «Алматытелеком» ӨТД  ұзындығы 71 шақырымнан астам тал­шықты-оптикалық байланыс желілерін салған болатын.

Бұдан басқа, жобаны жүзеге асыру мақ­сатымен 2019 жылдың соңына дейін 1,5 мың шақырымнан астам талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу және облыстың 103 елді-мекенінде 262 мемле­кеттік мекемелерді магистральды қосу жоспарланып отыр.

 

Диана САБРАЛИЕВА,

«Алматытелеком» ӨТД

Қоғаммен байланыс қызметінің жетекшісі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *