ЖҮЗ ЖАСАҒАН АРДАГЕР

Бүгінде Әуезов ауданында Ұлы Отан соғысына қатысқан 51 ардагер тұрады. Жақында солардың ішіндегі Байтұма Тұрарұлы деген ардагер ақсақал 100 жасқа толды.  Мерейтой иесі Б.Тұрарұлын Әуезов ауданының әкімі Әнуар Өскенбаев пен  аудандық Ардагерлер кеңесінің төрайымы Батима Ибраева арнайы құттықтап, қошемет көрсетіп, ардагердің үйіне барды.

Байтұма ақсақал 1941–1945 жылға дейін Ұлы Отан соғысына қатысып, 2-4 Украин майданында болған.  Ерлігі үшін 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен: Ерлігі үшін, Киев, Львов, Полтава, Будапештті азат еткені үшін медальдары, юбилейлік медальдармен марапатталған.

Соғыстан кейінгі кезеңде мектепте физика, математика пәні мұғалімі, кейіннен Нарынқол мектебінің директоры қызметтерін атқарды. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталып, Білім беру ісінің үздігі және басқа да атақтарға ие болған.

Байтұма ата  алты баласынан 16 немере, 15 шөбере және 1 шөпшек сүйіп отырған бақытты жан. Олар аталарының орден-медальдарын, майдандағы хаттары мен фотосуреттерін мақтан етіп, мұқият сақтауда.

Ардагер атамыз өте қарапайым, сұм соғыс туралы көп айтқысы келмейтін салмақты кісі.   Ең бастысы, фашизмді жеңіп, көпұлтты тәуелсіз Қазақстанда тұратынымызға қуанады. Байтұма Тұрарұлы сияқты ақсақалдарымызбен басқа да батыл, ержүрек ардагерлеріміздің ерліктері ел есінде мәңгі сақталмақ. Сонымен қатар, бұл кісі жастарға патриоттық тәрбие беру жұмыстарының озаты, жастар арасында студенттер мен оқушылар, курсанттармен кездесулерді ұйымдастыру жұмыстарында белсенді атсалысады.

Ұстаз ретінде, тәлімгер ретінде ол бір ғана ұрпақты тәрбиелеген жоқ. Оның шәкірттері түрлі бағыттарда, яғни ауылшаруашылық, ғылым, медицина мен білім беру саласында көптеген қызметтер атқаруда.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *