Жүз дегенің түк емес

Жетісу ауданының тұрғыны Күлтай Сәдуақасова 100 жасқа толды. Осыдан тура 100 жыл бұрын, яғни 1920 жылдың 25 қаңтарында Алматы облысының Шамалған селосында дүниеге келген Күлтай Сәдуақасова бүгінде «Айнабұлақ-3» ықшамауданында тұрып жатыр.

Рая ЕСКЕНДІР

Дүниеге ұрпақ әкеліп, немере-шөбере сүйіп отырған қарияның көңілі көтеріңкі, өзін сергек сезінеді.

Жүз жасаған әжейді Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Дамир Әкежанов пен аудандық Ардагерлер кеңесінің төрайымы Тамара Мұхтарханқызы арнайы құттықтай келді.

Арнайы келген қонақтар Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымовтың құттықтауын жеткізіп, сый-сияпатын табыс етті.

– Сіздей қариясы бар біз бақыттымыз. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» деген осы емес пе? Сізді көріп бір жасап қалдық, – деген Тамара Мұхтарханқызы Ардагерлер кеңесінің атынан да тойға тарту-таралғысын табыстады.

– Жүз дегенің түк емес екен. Ең бастысы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Бейбіт аспан, тыныш өмір болса, көңілің тоқ болса неге 100-ге келмеске, – дейді Күлтай әжей.

Күн жылынса аудан әкімі сыйға тартқан қоларбамен енді аулада қыдырып, таза ауамен тыныстаймын. Әкім балама сәлем айтыңдар деген ғасыр құрдасы қолын бұлғап қоштасып қала берді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *