ЖҰРТҚА ЖӘРДЕМІ ТИГЕН «МЕДИЦИНАЛЫҚ ПОЙЫЗ»

Денсаулық сақтау министрлігі мен  «Қазақстан темір жолы» жанындағы Әлеуметтік жобалар қорымен бірлесіп, «Самұрық қазына турист» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры  2010 жылдан бері республика жұртшылығына   медициналық көмек көрсетіп келе жатқан  «Денсаулық пойызы» 2018 жылы да  еліміздің бірқатар аймақтарында болып, тұрғындардың денсаулығын жақсартуға өз үлестерін қосты.

 Нұржамал  ТЕГІНБАЙҚЫЗЫ   

Биылғы денсаулық сапарында Денсаулық пойызы  61 мыңнан астам диагностикалық ем-шара, үш мыңнан астам кіші операциялар жүргізіпті.  Бұл жөнінде «Самұрық қазына турист» әлеуметтік жоба­ларды дамыту қорының бас дирек­торы Диас Әзбергенов баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Қор дирек­торының айтуынша, өткен  2018 жылы дәрігерлеріміз  192 195  адам­ды тексеруден өткізіп, оның ішінде 41 мыңнан астам адамға денсаулық жағдайлары бойынша дәрігерлік ақыл-кеңес, ауру түрлері бойынша тиісті  маман дәрігерлерге қаралу жөнінде кеңес берілген.  «Ден­саулық пойызының» бас дәрігері Арзықұл Кенжеев анықталған сырқаттардың арасында туберкулез, жіті жүрек-қан тамырлары ауру­лары және қатерлі ісік ауру­ларының алдын алу жағдайлары болғанын жеткізді.  Денсаулық пойызының сапары барысында құрамында терапевтер, тіс дәрі­герлері,  көз дәрігерлері және   хирургтер және басқа да маман дәрігерлер бар 10 дәрігерлер бри­гадасы жұмыс істеген. Жұмыс барысында дәрігерлер тұрғындар арасында эндокринологиялық аурулардың, қан қысымы, қант диабеті және эндемиялық жемсау ауруының көбейіп тұрғандығына өздерінің алаңдаушылығын білдірді.   Денсаулық жолсеріктері, сонымен қатар, қант диабеті мен ишемиялық жүрек ауруларының  жасы ұлғай­ған адамдардан асып, жастарға ауыз сала бастағандығын  да  баса айтты.

«Денсаулық пойызы» мен «Саламатты Қазақстан» өзі сапарға шыққан осы сегіз жыл ішінде  Алматы,  Түркістан, Қарағанды, Атырау, Павлодар,  Маңғыстау, Қостанай, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында болып, сол аймақ тұрғындарына денсаулықтың қадірін ұқтырып, салауатты өмір салтын насихаттап қайтты.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close