Жүргізушілердің денсаулығын тексереді

Алматыдай алып мегаполисте жолаушылар тасымалы өзекті мәселе. Қоғамдық көліктің және оны тізгіндейтін жүргізушінің қызметі де жоғары деңгейде болу керек. Соңғы уақытта елімізде автобус жүргізушілерінің денсаулығына байланысты жол апаттары жиі орын алуда. Осыған байланысты Алматыда жаз айының соңына дейін жүргізушілердің денсаулығын тексеретін электронды жүйе пайда болуы мүмкін. Бұл туралы қалалық Мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Қанат Байқоңыров хабарлады.

– Бұл құрал жүргізушілердің жұмысқа қабілеттілігін медициналық тұрғыдан тексереді. Арнайы датчик­термен жабдықталған орындық адамның артериалды қан қысымын, тамыр соғысын, температурасын анықтайды. Сонымен қатар, алко­гольдік және есірткі заттарын қолданғанын көрсетіп бере алады. Бұл ақпарат арнайы жүйемен өңделіп болған соң, жүргізушіге көлік тізгіндеуге рұқсат беріледі, – дейді Қ.Байқоңыров.

Электронды жүйе жүргізушілердің кесірінен болатын жол апаттарын төмендетуге мүмкіндік бермек.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *