ЖҮРГIЗУШIЛЕР АРАСЫНДА САУАЛНАМА ЖҮРГIЗIЛДI

7Абай даңғылының бойындағы тәртiпке қарап, көзiң сүйсiнедi. Қоғамдық көлiктер үшiн тиiмдi даңғылдың бойы бүгiнде темiрдей тәртiпке үйренген. Қалың бұқара бұл көшедегi көлiк қозғалысының едәуiр жақсарғанын айтып, әлеуметтiк желiлерде талқылап та үлгердi.

Жақында сақтандыру компанияларының бiрi осы Абай даңғылындағы арнайы жолаққа қатысты жүргiзушiлер арасында әлеуметтiк сауалнама жасапты. «Бiткен iстiң мiнi жоқ екен» десек, кейбiр жүргiзушiлер қаладағы кептелiстi осы көшедегi ақ жолақтар тудырып отыр деген тұжырымға келген. Сандарды сөйлеткен Tengrinews.kz сайты тiлшiсiнiң сауалнама қорытындысы жайындағы ақпараты мынадай екен.

18-72 жас аралығындағы 1312 жүргiзушi қатысқан сауалнамаға жүргiзушiлердiң 56 пайызы жауап қайтарған. Олардың айтуынша, осы жолақ пайда болғалы берi Абай даңғылында таңертеңгi және кешкi уақытта үнемi кептелiс  орын алатын көрiнедi. Ал жүргiзушiлердiң 34 пайызы оңға бұрылудың қиындығы мен көiктi тұраққа қоюдың  машақатын айтып мұңын шаққан.

Сондай-ақ, сауалнамаға қатысқандардың 18 пайызы бағыттарын алдын-ала ойластырып қоятындарын, ретi  келсе, ол көшеде тәртiп бұзбауға тырысатынын жеткiзсе, 8 пайызы бұл көшемен жүрудi мүлде қойғандарын айтқан.

Дегенмен, көшедегi жаңа тәртiпке халық үйренiп қалды. Алайда, тәртiпке бағынғысы келмейтiндер Абайдың бойында әлi де жүйткiп жүр. Айыппұл салынатынын бiле тұрып, автобустың алдында ортекедей ойнақтайтындар жетiп-артылады. Олардың 16 пайызы полицейлер мен бейнебақылау камералары жоқ болса, еш кедергiсiз, қара жолға ойланбастан бұрылып жататындарын мойындапты.

Бүгiнге дейiн жол тәртiбiн бұзған жүздеген жүргiзушiге айыппұл салынды. Естерiңiзде болса, арнайы жолақпен жүргендер үшiн көлiк иесiне 5-тен 10 АЕК-ке дейiн (9 910-нан 19 820 теңгеге дейiн) айыппұл салынатыны бiрнеше мәрте хабарланған.

– Рас, Алматы – көлiгi көп қала. Кептелiс Абай даңғылында ғана деген бiржақты пiкiрмен ешкiм келiсе қоймас. Қаланың қай көшесiне барсаңыз да дәл осы көрiнiс. Сондықтан жеке бастың қамынан гөрi, көпшiлiктiң жағдайын ойлау әлдеқайда маңыздырақ. Бүгiнде, Абай даңғылы бойымен жүретiн қоғамдық көлiктерде жолаушы тасымалдау 17-19 пайызға  өсiп отыр, – дейдi сала басшылары.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *